Шетел басылымына шолу

Қытайда жойқын жер сілкінісінен 111 адам мерт болды

Қытайдың солтүстік-батысында жойқын жер сілкінісі орын алып, 111 адам қаза тапты. Тағы 220 адам жарақат алған, деп хабарлайды ВВС порталы.

Жер сілкінісі Ганьсу провинциясында түн ортасында болған. Салдары көрші Цинхай провинциясында да үйлер мен инфрақұрылымға зақым келтірді.  

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,9, жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ганьсу провинциясында 100 адам қаза тауып, 96 адам жараланған. Цинхай провинциясында тағы 11 адам қаза тауып, 124 адам жараланған.

Апат аймағына барлығы 1,5 мыңға жуық өрт сөндіруші мен құтқарушы жіберілді. Өңірдің кейбір аудандарында энергия мен су беру үзілді.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге, зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетуге бар күш-жігерді салу керек», – деді Си Цзиньпин.

Қытай бірнеше тектоникалық плиталар, атап айтқанда Еуразия, Үнді және Тынық мұхиты плиталары түйісетін жер сілкінісіне бейім аймақта орналасқан. 

Өткен қыркүйекте елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 6,6 балдық жер сілкінісі болып, 60-тан астам адам қаза тапты. 

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago