Қытай билігі тұтынушылық несиелендіруді дамыту бағдарламасының көмегімен экономиканың өсуін ынталандыруды жоспарлаған. Бірақ оның орнына олар елдің қарызын рекордтық деңгейге дейін өсірді.
Бұл туралы белгілі сарапшы Эльдар Шамсутдинов өзінің телеграм-арнасында былай деп жазады:
«Қытайдың ЖІӨ-ге жалпы қарызы 283,8%-ға дейін өсті (+10,7 п.п. YTD, $49,1 трлн).

Коэффициенттің көтерілу себептерінің бірі – тұтынушылық несиелендіру бағдарламасы болып табылады, ол арқылы партия банктердің корпоративтік несиелеуге қатысты тәуелділік пен тәуекелдерді азайтқысы келді.
Бұл ретте бағдарлама күткен нәтиже бермеді, қытайлықтар несиені сақтықпен алуда. Бәлкім, бұл жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудың артуына байланысты шығар.

Бұл ЖІӨ әлсіз өсуі, тұрғын үй құрылысындағы тоқырау, корпоративтік сегменттегі проблемалар аясында партия басшылығы үшін бас ауыртар мәселе болып табылады.
Қытайға қатысты пікірлер екіге бөлінді, кейбір экономисттер Қытай терең және ұзаққа созылған дефляция кезеңін болдырмауы мүмкін деп санайды. Ал басқа, неғұрлым консервативтілері, дефляция мен өсудің тоқырауымен жылдар бойы күрескен Жапония мен Қытай арасындағы корреляцияны көріп отыр».
Автор: Фариза Оңғарсынова