Фото: ашық дереккөзден
Қытайдың Франциядағы елшісі Ли Шай бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің тәуелсіздігіне күмән келтіріп, олардың егеменді ел мәртебесін жүзеге асыратын халықаралық келісім жоқ деп мәлімдеді.
Халықаралық құқықта бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің белсенді мәртебесі жоқ, өйткені олардың егеменді ел ретіндегі мәртебесін жүзеге асыратын халықаралық келісім жоқ,
деді Шай Францияның LCI телеарнасына берген сұхбатында.
Бұдан бөлек, Ли Шай Қырымды ежелден Ресей жері деп мәлімдеді.
Тарих бар. Қырым әу бастан Ресейдің жері. Қырымды Кеңес Одағы кезінде Украинаға Хрущев сыйлаған.
Франция сыртқы істер министрлігі Ли Шайдың сұхбатынан кейін мәлімдеме жасап, ресми Бейжіңнен Украина мен Қырымға қатысты ұстанымын нақтылауды сұрады. Мәлімдемеде Франция 1991 жылы Киев тәуелсіздігін жариялағанда Қытай Қырымды Украинаның құрамдас бөлігі ретінде танығанын мысалға келтірген.
Украинаның Франциядағы елшісі Вадим Омельченко «Ли Шай географияны білмейді немесе оның ұстанымы Бейжіңнің ресми позициясына қайшы» деп мәлімдеді.
Латвия, Литва, Эстония СІМ Ли Шайдың мәлімдемесін «ақылға қонымсыз» деп бағалады.
Қазақстан мен Орталық Азияның өзге мемлекеттері осы уақытқа дейін ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…