Зауыт ашпақ.
«Әлсіздер күштілерге құл болады» деген капитализм заңымен өмір сүретін кәмөніс қытай жан-жағын жұтпай тынбас.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру, кабель желісін жасау, электр көліктерін зарядтау станциялары, тігін фабрикасын ашу бойынша жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам қаржыға кәсіпорындар ашуды жоспарлап отыр екен.
«Түркістан өңірі Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі болып саналады. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары тек нығая түсуде. Қытай елінің бай тәжірибесі Түркістан өңірінің әлеуетін көтеруге зор мүмкіндік береді. Осыған дейін Қытайға жұмыс сапарымен барып, өздеріңізбен жүздесіп едік. Біраз маңызды жобаларды талқыладық. Бүгінгі кездесу сол сапардың жемісі деп білеміз. Біздің аудан әкімдері Қытайдағы ірі өндіріс орындарын аралап, тәжірибе жинауын жалғастырып жатыр. Осы тәжірибелерімізді жинақтап, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашуды көздеп отырмыз», — депті Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Зауыт ашқыларың келсе, неге Түркия, Жапония, Кореяны шақырмайсыңдар, Үкімет пен партия?
дейді Сәуле Әбілдаханқызы.