Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Қытайдың жылжымайтын мүлік көпіршігі жарылды, АҚШ-та артып барады. 12 тамыз
Шетел басылымына шолу

Қытайдың жылжымайтын мүлік көпіршігі жарылды, АҚШ-та артып барады. 12 тамыз

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 12.08.2022
Обновлено 12.08.2022 в 03:08
Поделиться
Поделиться

Әлемдік БАҚ не деп жазды.

Мазмұны
Дағдарыс қаупі артып келедіАҚШ-та жалдау және ипотека құны шарықтап барады  Британдықтар жалақының өсуіне қанағаттанбай отырБайден Қытаймен бір мүдделі ма?Ердоған мен Путин: өзара тиімді қарым-қатынас

Дағдарыс қаупі артып келеді

The Wall Street Journal Қытайдың жылжымайтын мүлік көпіршігі жарылып, онсыз да әлсіз экономиканы нашарлатты деп жазады.

Ресми статистика мен құрылыс салушылардың мәліметтері бойынша, көптеген қалаларда тұрғын үй бағасы ұзақ өсу кезеңінен кейін күрт төмендеген. Сұраныстың төмендеуі соңғы 13 ай ішінде жалғасып келеді.  

Сонымен қатар, миллиондаған пәтерлер алдын-ала сатылып, соңына дейін аяқталмаған. Сарапшылардың пікірінше, төлем енгізген пәтерлер қолданысқа берілмесе, халық 370 млрд долларға жуық ипотекалық несиені қайтарудан бас тартуы мүмкін.  Алайда, Қытай банктерінің көпшілігі шығындарды өтеуге қауқарлы, бұл дағдарыстың қарқынын тежеуі мүмкін.

АҚШ-та жалдау және ипотека құны шарықтап барады  

Bloomberg мәліметінше, бүгінде АҚШ-та үй сатып алу бұрынғыдан да қиын. Ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлемелер бағамен бірге шарықтап барады. Бүгін үйдің орташа бағасы 400 мың доллардан асады. Ал бір жыл бұрын 150 мыңға жетпейтін.

Ұлттық риэлторлар қауымдастығының мәліметтері бойынша, 20% бастапқы жарнасы бар үш адамнан тұратын отбасы үшін ай сайынғы қарапайым үй екінші тоқсанда 1 841 долларға дейін өскен. Бұл бірінші тоқсанға қарағанда 32% немесе 444 доллар және бір жыл бұрынғыға қарағанда 50% көп. Сондай-ақ, екінші жартыжылдықта бір отбасы кірісінің 24 пайызын ипотекаға жұмсайды, бұл көрсеткіш үш ай бұрын 19 пайызды құраса, 2021 жылы — 17% болған.

Сонымен бірге, АҚШ-тағы пәтер жалдау құны соңғы үш онжылдықта өте жылдам көтеріліп барады. Тарихта алғаш рет орташа көрсеткіш 2000 доллардан асты. Әсіресе пандемия кезінде халықтың жан-жақтан жиналуынан күрт өскен.

Британдықтар жалақының өсуіне қанағаттанбай отыр

The Guardian TUC кәсіподақтар Конгресінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, жалақының өсуі инфляциядан 8% артта қалуы мүмкін деп хабарлайды. Бұл соңғы 100 жылдағы нақты жалақының ең үлкен құлдырауы болмақ.

TUC Англия Банкінің инфляция көрсеткіші 2022 жылдың төртінші тоқсанында 13% — ға дейін көтерілетінін, ал жалақы 5,25% — ға өсіп, өмір сүру деңгейі 7,75% — ға төмендеуі мүмкін деп болжайды.

Бұл көрсеткіш банктің соңғы болжамдарын қолдана отырып, инфляцияның жұмысшылардың өмір сүру деңгейіне әсерін ескере отырып есептелді. TUC мәліметінше, жалақының инфляциямен салыстырғанда мұндай төмендеуі тек 1920 жылы орын алған.

Өмір сүру деңгейінің төмендеуі кәсіподақ ұйымдарының тамыз айының соңында ереуіл ұйымдастыруына түрткі болып отыр. Егер үкімет бұл уақытқа дейін проблеманы қолға алмаса.

Байден Қытаймен бір мүдделі ма?

Fox news АҚШ президенті Хантер Байденнің ұлы туралы компроматты жариялады. Басылымда Байденнің әкесі Обама әкімшілігінде вице-президент болған кезде бизнесмендермен және саясаткерлермен хат-хабарларының скриншоттары бар.

Басылымның хабарлауынша, хаттар Хантер Байден Джо Байденнің саяси мүдделерін және жеке бизнесін қолдау үшін әкесінің позициясын қолданғанын, оның ішінде Қытай басшылығына жақын адамдармен жұмыс істегенін дәлелдейді.

Джо Байден оның «қажет» бағыттарын қаржыландырған адамдарды жоғары лауазымдарға көтеріп, Қытай компанияларын Америка нарығына енуге көмектесті деседі.

Ердоған мен Путин: өзара тиімді қарым-қатынас

New York Times екі ел арасындағы қарым-қатынастың әрқашан қиын болғанына қарамастан, Түркия мен Ресейді өзара не жақындатқаны туралы мақала жариялады.

New York Times мәліметтері бойынша, ресейлік инвестициялар мен туристер, газ және бизнес Түкрияға ауадай қажет, өйткені Ердоған алдыңғы сайлауда жеңіске жетуге талпынып отыр. Өз тағында қалып Сирияға тағы да бір рет басып кіруді жоспарлауда. Мәскеу де өз пайдасын ойлап отыр. Бұндай қарым-қатынас жаңа достар табуға ыңғайлы. Ол арқылы Батыс санкцияларының ықпалын төмендетіп, НАТО-ны кеңейтуге мүмкіндік туады.

ТЕГи: Трендте
Сая Манарбековна 12.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Қоғам

Әдепсіз стэндап-комик жазаға тартылды

24.05.2024
Қоғам

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

15.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?