Әлемдік БАҚ не деп жазды.
The Wall Street Journal Қытайдың жылжымайтын мүлік көпіршігі жарылып, онсыз да әлсіз экономиканы нашарлатты деп жазады.
Ресми статистика мен құрылыс салушылардың мәліметтері бойынша, көптеген қалаларда тұрғын үй бағасы ұзақ өсу кезеңінен кейін күрт төмендеген. Сұраныстың төмендеуі соңғы 13 ай ішінде жалғасып келеді.
Сонымен қатар, миллиондаған пәтерлер алдын-ала сатылып, соңына дейін аяқталмаған. Сарапшылардың пікірінше, төлем енгізген пәтерлер қолданысқа берілмесе, халық 370 млрд долларға жуық ипотекалық несиені қайтарудан бас тартуы мүмкін. Алайда, Қытай банктерінің көпшілігі шығындарды өтеуге қауқарлы, бұл дағдарыстың қарқынын тежеуі мүмкін.
Bloomberg мәліметінше, бүгінде АҚШ-та үй сатып алу бұрынғыдан да қиын. Ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлемелер бағамен бірге шарықтап барады. Бүгін үйдің орташа бағасы 400 мың доллардан асады. Ал бір жыл бұрын 150 мыңға жетпейтін.
Ұлттық риэлторлар қауымдастығының мәліметтері бойынша, 20% бастапқы жарнасы бар үш адамнан тұратын отбасы үшін ай сайынғы қарапайым үй екінші тоқсанда 1 841 долларға дейін өскен. Бұл бірінші тоқсанға қарағанда 32% немесе 444 доллар және бір жыл бұрынғыға қарағанда 50% көп. Сондай-ақ, екінші жартыжылдықта бір отбасы кірісінің 24 пайызын ипотекаға жұмсайды, бұл көрсеткіш үш ай бұрын 19 пайызды құраса, 2021 жылы — 17% болған.
Сонымен бірге, АҚШ-тағы пәтер жалдау құны соңғы үш онжылдықта өте жылдам көтеріліп барады. Тарихта алғаш рет орташа көрсеткіш 2000 доллардан асты. Әсіресе пандемия кезінде халықтың жан-жақтан жиналуынан күрт өскен.
The Guardian TUC кәсіподақтар Конгресінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, жалақының өсуі инфляциядан 8% артта қалуы мүмкін деп хабарлайды. Бұл соңғы 100 жылдағы нақты жалақының ең үлкен құлдырауы болмақ.
TUC Англия Банкінің инфляция көрсеткіші 2022 жылдың төртінші тоқсанында 13% — ға дейін көтерілетінін, ал жалақы 5,25% — ға өсіп, өмір сүру деңгейі 7,75% — ға төмендеуі мүмкін деп болжайды.
Бұл көрсеткіш банктің соңғы болжамдарын қолдана отырып, инфляцияның жұмысшылардың өмір сүру деңгейіне әсерін ескере отырып есептелді. TUC мәліметінше, жалақының инфляциямен салыстырғанда мұндай төмендеуі тек 1920 жылы орын алған.
Өмір сүру деңгейінің төмендеуі кәсіподақ ұйымдарының тамыз айының соңында ереуіл ұйымдастыруына түрткі болып отыр. Егер үкімет бұл уақытқа дейін проблеманы қолға алмаса.
Fox news АҚШ президенті Хантер Байденнің ұлы туралы компроматты жариялады. Басылымда Байденнің әкесі Обама әкімшілігінде вице-президент болған кезде бизнесмендермен және саясаткерлермен хат-хабарларының скриншоттары бар.
Басылымның хабарлауынша, хаттар Хантер Байден Джо Байденнің саяси мүдделерін және жеке бизнесін қолдау үшін әкесінің позициясын қолданғанын, оның ішінде Қытай басшылығына жақын адамдармен жұмыс істегенін дәлелдейді.
Джо Байден оның «қажет» бағыттарын қаржыландырған адамдарды жоғары лауазымдарға көтеріп, Қытай компанияларын Америка нарығына енуге көмектесті деседі.
New York Times екі ел арасындағы қарым-қатынастың әрқашан қиын болғанына қарамастан, Түркия мен Ресейді өзара не жақындатқаны туралы мақала жариялады.
New York Times мәліметтері бойынша, ресейлік инвестициялар мен туристер, газ және бизнес Түкрияға ауадай қажет, өйткені Ердоған алдыңғы сайлауда жеңіске жетуге талпынып отыр. Өз тағында қалып Сирияға тағы да бір рет басып кіруді жоспарлауда. Мәскеу де өз пайдасын ойлап отыр. Бұндай қарым-қатынас жаңа достар табуға ыңғайлы. Ол арқылы Батыс санкцияларының ықпалын төмендетіп, НАТО-ны кеңейтуге мүмкіндік туады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…