Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Қызғаныш себеп болды ма? Қонаевта 76 жастағы қария асылып қалды
Оқиға

Қызғаныш себеп болды ма? Қонаевта 76 жастағы қария асылып қалды

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 02.03.2023
Обновлено 02.03.2023 в 09:03
Поделиться
Поделиться

Алматы облысындағы Қонаев өаласында 76 жастағы қария суицид жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оны аулада асылып тұрған жерінен тауып алған. Марқұм Қонаев қаласындағы арнаулы қызмет көрсету орталығында тұрған. Зейнеткердің мұндай әрекетке баруына бәзбіреулердің моральдық қысым көрсетуі себеп деген қауесет бар. Ал, полицейлер де «адам өлтіруге мәжбүрлеу бабы» бойынша іс қозғапты.

Ажалына асығып, арқанға асылып қалған 76 жастағы қарияны тауып алған. Қызметкерлер келген сәтте жантәсілім еткен екен. Алайда қарттар үйінде қызмет алып жатқан қарт кісінің неге ондай қадамға барғаны әзірге жұмбақ дейді мұндағылар.

Қайраты қажып, қауһары қалмаған қарт кісі өзін-өзі өлтірді дегенге кей жандар күмәнмен қарайды. Өйткені оқиға орнында түсірілген мына фотода марқұмның аяғы жерге тиіп тұрғандай деп таңқалады. Ал әлеуметтік орталықтың қызмет алушылары оның асылып өлгенін естімепті. Тек қайтты деген хабар ғана жеткен.

«Қайтыс болған кісімен бірге Сарқанттан ауысып келгенбіз. Содан бері осындамыз, екеуміз жақсы дос болдық. Әрбір адамда жүйке жұқарады, сол сыр беріп шыдамаған болар. Мен де сондай қартпын, ешқайда шыға алмаймын, көзім көрмейді», – дейді қызмет алушы Тұрақұл Қалиев.

Ал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы қарияның қайтыс болуына қызметкерлердің қатысы жоқ деді. Сөзінше, Сергей Цой қатты қызғаншақ болған, және осы орталықта Наталья есімді қызмет алушымен көңіл қосқанын да жасырмады. Алайда ажалға асығардай агрессиялық мінез бойында болмаған деп отыр.

«Бір жылдан бері өзінен 30 жас кіші келіншекпен бірге тұрады. Есімі Хвостова Наталья. Бұл жерде ешкімнен қысым болған жоқ, координаторды шақырып сұрасаңыздар болады», – деді «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Нұрғали Тортаев.

Марқұммен бірге тұрған азаматшаның сөзінше, ол ішімдіктен алыс болған. Сергей асылып қалған түні алдын ала хабарласып, өзін жақсы көретінін айтып қоштасқандай болды дейді. Бірақ сол түні Наталья орталықтың ішкі тәртібін бұзғаным үшін арнайы бөлмеде қамауда болдым дейді.

«Олар оны жаныма жолатпады. Ол досына шаршағанын айтқан. Барлығы не тапты?», – деді қызмет алушы Наталья Хвостова.

Марқұмның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал, мына жерге аптасына бірнеше рет келеміз деген жауапты басқарма басшылығы жағдай толық бақылауда деді. Бірақ, бақылауда болған орталықтан адам өлімінің шыққаны әзірге жұмбақ болып тұр.

«Түрмеден шыққан, көше кезетіндер, үйсіз-күйсіз жүрген, мүгедек кісілер осы орталықта. Әртүрлі адамдардың жиналуына байланысты да орталықтағы атмосфераның бұзылуына алып келіп соғады. Аптасына екі рет кемі үш рет келеміз. Мәселелер қаралып жатыр», – дейді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ержан Байқоныс.

«Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 105 бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықтық құрамның белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 105 бап ол жалпы адам өлтіруге мәжбүрлеу бабы болып саналады», – деді Облыстық ПД баспасөз хатшысы Ернар Сайдилдин.

Қонаев қаласындағы қоғам белсендісі де әлеуметтік орталықтағы тұрғындардан арыз хат жиі түсетінін жеткізді. Өйткені өзі де жиі келіп, қариялардың хәлін біліп тұрамын дейді.

«Мүмкін жеке басының намысына тиетін сөздер айтылды. Жеке ойым, адамды асылып қалуға итермелеген мәселе бар, себебі адам қартайған сайын әр күнін бағалайды», – дейді қоғам белсендісі Лина Черказьянова.

Айта кетейік, Қонаев қаласындағы «Шарапат» арнаулы көмек көрсету орталығында 122 қызмет алушы бар екен. Орталықтағы жағдайды енді прокуратура да жіті бақылауға аламыз деп отыр.  

Арман Ерғалиев 02.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?