Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Тарих > Қыздың баласын немере деп айту дұрыс па?
РуханиятТарих

Қыздың баласын немере деп айту дұрыс па?

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 25.01.2024
Обновлено 25.01.2024 в 06:01
Поделиться
Фото: Pixabay
Поделиться

Қазақта жиен ұғымы қай кезде пайдаланылады? Жалпы, қызыңның балаларына немере деп айтқан қаншалықты дұрыс? Соңғы кезде осы мәселе жиі көтеріліп жүр.

Мысалы, «Адал адам» ютуб каналы иесі, журналист Дәурен Сейтжанұлы қыздың балалары ата-әжесі үшін немере, ал басқа туыстар үшін жиен болатынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz.

Осы орайда Facebook-тің белсенді қолданушысы Тортуыл Шоқан бұл пікірмен келіспейтінін алға тартты. Ол қазақ жиеніне неліктен үлкен құрмет көрсеткенін де түсіндіріп өтті.

Жиен – ұзатылған қыздан туған бала. Жиеннен туған бала – жиеншар. Қыздан туған жиеннің, ұлдан туған немереден жолы үлкен. Дастархан басына жиналғанда есті ата жиенін өз немересінен жоғары отырғызады.

Бұйымтай сұрайды, қалауын береді!

Жиеннің алмағы – қырық серкеші бар.

Бір серкештің құны бір қалауы болса, қырық серкешіне бағаланған дүние-көмегін ол нағашысынан өмір бойы алып тұрады деген сөз.

«Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» деген сөз, ол: «жиеннің руы бөлек», ал «желке мойын ас емес» дегендері, келін мен қызға мойын жегізбегеннен болса керек.

Ал «жиен неге ел болмас – малы болса, желке неге ас болмас – майлы болса» деген де сөз бар,

дейді ол.

Сонымен қатар Тортуыл Шоқан нағашы атасы жиенін үйіне неге құр қайтармайтынына қатысты да ойын білдірді.

Нағашысына қыдырып қайтқан немересіне өз атасының қояр бірінші сұрағы: «нағашың не атады» деп сұрайды.

Жиенді үйіне құр қол қайтармайтыны – құдаға деген құрметтен.

Жиен нағашы атасы руластары бәріне жиен болады.

Нағашысы аулына келген жиенді бетінен қақпай еркелеткен.

Жиен де нағашы ауылы жас-кәрісіне қарамай орынды қалжыңдаса білген.

Нағашы ауылдан қыз алған жиенді «Жиен күйеу» деп атаған.

Сараң нағашысынан қалағанын сұрамай алуға жиен құқылы.

Бай нағашысының кермедегі жүйрігін мініп кеткен жиендер тарихта болған.

Қанша батыр бабалар бала күнінде нағашыларында тәрбие көріп өскен.

Солардың бірі – Керей Жәнібек!

«Жігіттің жақсысы – нағашыдан, үйдің жақсысы – ағашынан» дейтұғын сөз бар. Бұл ұлдың қасиет атаулыны анасынан алатыны дәлелі,

деді автор.

Осы арқылы қазақ жиенін көтермелеген деп санайды.  

Жиенді жиен, немерені немере деп атаған дұрыс. «Жиен» деген статус баланы кемсітпейді, керісінше, көтереді. Бабаларымыз қыз бен ұлдан туған баланы немере деп атай берген болса, «Жиен» ұғымы қалыптаспаған болар еді,

деп жазды.

Сөйте тұра қазақтар қыздың баласын да немере деп атаған, бірақ ол тек белгілі бір жағдайларда екен.  

Біріншісі — қайтып келген немесе қызының үйде отырып тапқан баласын немерем деу. Екіншісі — құдасын менсінбеген адуынды байлардың немесе дүбәрә шалақазақтар тірлігі.

Өйткені, орыстар қызының да, ұлының да баласын «внук» деп атайды.

Оларда «өз жұрты», «нағашы», «қайын жұрт», «жиен» деген ұғымдар атымен жоқ.

Демек, кейбір қазақтардың қызы мен ұлынан туған баланы «немерем» деуі орыстан көшірілген калька!

деп қорытындылады.
ТЕГи: Әлеуметтік желі, Главное, Қазақстан, Руханият
Сайт Әкімшілігі 25.01.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?