23 қараша түс шамасында Жамбыл облысындағы кәсіпорынның жүздеген қызметкері митингіге шықты. Олардың басты талабы – басшылардың бірі – цифрлық трансформация бөлімінің бастығының қызметінен кетуі.
Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, ол – жалдамалы басшы, кәсіпорын дирекциясының шақыртуымен Ресей азаматы. Олар аталмыш басшының жұмысшыларға тіл тигізетін сөздер айтқанын мәлімдеп отыр.
Сонымен бірге наразылық білдірушілер зауыт басшылығын сынға алып, жалақыны көтеруді талап етті.
Ереуіл болған жерге арнайы жасақ жұмылдырылды, аудан әкімдігінің өкілдері келді.
Ресей азаматы көпшілік алдында жұмысшылардан кешірім сұрап, жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ қызметкерлердің талаптары мен ұсыныстары негізінде жұмыс тобы құрылып, зерттеу ұйымдастырылады. Халықаралық негізде ешқандай проблемалар болған жоқ,
деді әкімдік.