7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түсті.
Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың ата-анасы және туыстары қызды өз күштерімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген.
Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ қызды табу мақсатында екі дрон пайдаланылды.
Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті «Үбіс» каналынан табылды.
Мәйіттің денесінде зорлық — зомбылық белгілері байқалмайды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…