Қызылорда облысында жыл басынан бері 10 бала терезеден кұлап кеткен. Олардың біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл облыста ата-анасының бақылауынсыз қалуы салдарынан 10 бала терезеден кұлап кеткен. Оқыс оқиғаның біреуі Жаңақорған ауданында тіркелсе, қалғаны Қызылорда қаласында болған.
Оқиға салдарынан 2-6 жас аралығындағы 9 бала зардап шегіп, 1 бала қаза болды. Олардың терезеден құлауының басты себебі ретінде ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруын айтуға болады. Сондай-ақ, терезенің ашық қалуынан, москит торларының берік бекітілмеуінен, балалардың терезе алдында ойнауынан осындай жағдайлар тіркеледі. Сондықтан барлық ересек азаматтардан сақтық шараларына баса назар аударуын сұраймыз,
деді Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бейбітхан Спанов.