Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Денесінің сау-тамтығы жоқ – көршісі өлтірген 5 жасар қыздың әкесі
Оқиға

Денесінің сау-тамтығы жоқ – көршісі өлтірген 5 жасар қыздың әкесі

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 14.07.2023
Обновлено 14.07.2023 в 02:07
Поделиться
Фото: Азаттық радиосы
Поделиться

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында жоғалып кетіп, кейін өлі табылған бес жасар қыздың денесінде зорлық-зомбылық іздері қалған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды. 

Анасының сөзінше, кішкентай қызы 13 шілдеде түсте үйінен шығып, артынша жоғалып кеткен.

Сағат 13:04 кезінде үйден шықты. Шамамен 6 минуттан соң таба алмай қалдым. Төңіректі түгел шолып, ауылды араладық. Ауыл адамдары жабылып іздеуге кірістік,

дейді ол.

Сәбидің әкесі бұрын сотталған көршісінен күдіктеніп, оның үйіне екі рет барғанымен, қызын таба алмаған. Бір топ адам көршісінің үйіне үшінші рет барғанда қыздың көйлегін көріп қалып, үйді толық тінтіген.

Қызымның денесін кешкі сағат тоғыз шамасында шатырдан таптық. Сау-тамтығы қалмаған. Ойына келгенін істеп, жеті-сегіз жерінен пышақтап, асқан жауыздықпен өлтірген,

деді баланың әкесі.

Өлген сәбидің ата-анасы қазір күдікке ілініп отырған көршісімен араздығы болмағанын, аралас-құраластығы да жоғын айтты.

Бұрын сотталғанын, кейін тағы бір ауыр қылмыстық істен құтылып кеткенін білетінбіз… Құқық қорғау органдары қылмыскерді лайықты жазаласа осындай сұмдық болар ма еді? Оны бостандыққа шығарып жіберген қызметкерлерді тауып, жазалауды талап етемін!

дейді қайғыдан қан жұтып отырған әке.

Сәбидің әке-шешесінің айтуынша, ауыл адамдары кісі қолынан өлген қызды тапқанда полиция да келіп, оны Сарыағаш ауданымен іргелес Келес ауданының мәйітханасына әкеткен.

Күдіктіні де қамауға алған. Алайда күдіктіні әкетіп бара жатқанда полиция мен ауыл тұрғындары арасында қақтығыс болған. Ашу-ызаға берілген жұрт күдіктіні өздеріне беруді талап етіп, наразылық білдірген.

Қазір Жібек жолы ауылының кіреберісін, мерт болған бес жасар қыздың үйін және күдіктінің үйін полиция күзетіп тұр. Бес жасар сәби бүгін, 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 14-те жерленеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды бұрын сотталған ер адам өлтіргені белгілі болды.  

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында қызды өлтірді деген күдіктіні ұстау кезінде ауыл тұрғындары оны полицейлерден алып қалуға әрекеттенгенін айтты. Журналист жариялаған кадрларда олардың полиция көліктерінің соңынан жүгіргенін көруге болады. Мұны әлеуметтік желілердегі басқа кадрлар да растайды.

Кейін Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында жағдай тұрақты деп хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Анара Бауыржанқызы 14.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?