Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Өз елімізде “чуркамыз”: Мобилизация кезінде Ресейден Қазақстанға келгендердің оқиғасы
Қоғам

«Өз елімізде “чуркамыз”: Мобилизация кезінде Ресейден Қазақстанға келгендердің оқиғасы

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 09.12.2022
Обновлено 09.12.2022 в 02:12
Поделиться
Поделиться

Мобилизация жариялағаннан кейін Ресейден Қазақстанға көшіп келгендер өздерінің оқиғалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Дагыл Монгуш бұрынғы – ФСБ қызметкері. Үш жыл Моңғолия шекарасында қызмет еткен. Дагыл бес жыл бұрын ФСБ-дағы қызметін тастап, жеке бизнеспен айналысқан.

“Мен запастағы офицермін, әскерде болғанмын, бірақ өз елімде бәрібір “чуркамын”. Олар үшін менің балаларым да бөтен. Бұл әрдайым сезіледі. 2017 жылы жас кезімде бұл жүйеге сенген болатынмын. Мұндай жүйеде барлығына шыдайтын, өзіндік ойы жоқ, өзінің ойы болса да айтпайтын адамдар ғана биікке көтеріледі. Мен автобуста кетіп бара жатқан кезде үнемі “чурка” сөзін еститінмін. Ресей азаматы болсам да, Мәскеуде полиция жиі тоқтатып, құжаттарымды тексеретін. Қыздарым өмірге келгеннен кейін, мұны тіпті қатты сезіне бастадым. Біз сияқтыларды ол жақта қабылдамайды”, – дейді Дагыл.

Мобилизация жарияланған кезде Дагыл Қазақстанға кетіп қалған.

“Мен кеткім келген жоқ. Бірақ әйелім сен бізге тірі қалпыңда керексің деді. Қатты қорқтым. Мен пікірлері маған қайшы адамдардың ойлары үшін ешкімді өлтіргім келмейді және өлгім келмейді. Бұл ессіздіктің, қылмыстың қатысушысы болғым келмейді. Біздің ауданда әскери қызметке барудан басқа амал жоқ. Халық өспесін, дамымасын деп жасалған жүйе сияқты. Соғысқа бармасаң, қорқақсың деген ұғым бар”, – дейді ол.

Могамед Гайсаев дәрігер болып жұмыс істеп жүрген жерінен мобилизация жарияланып, Қазақстанға көшіп кеткен. Ол қазан айында Алматыда дәрігер болып жұмысқа орналасқан. Қазір жатақханада тұрып жатыр.

“24 ақпаннан бастап бойымызды қорқыныш биледі. Мобилизацияға дейін де қысым көрдік, бірақ мобилизация шегіне жеткізді. Шыдамымыз таусылды. Медицина менің бала күнгі арманым еді. Соғыс басталған кезде мен студент едім. Соғыс болып жатқанда, университет бітіріп, жұмыс жасауды бастадым. Бір жарым айдай балалар дәрігері болып жұмыс жасадым. Украина, ДХР-дан келген босқындар көп болды. Мобилизация жарияланғаннан кейін, мен бұлай болмайды деп шештім. Өйткені мен үшін жалғыз құндылық өмірімді ресурс ретінде пайдаланатынын білу қиын нәрсе. Мен бұл қылмыстық соғыстың құралы болғым келмеді. Адамдарға зиянымды тигізгім келмейді. Өйткені ешкім маған ешқандай зиян келтірмеді. Мен шекараға дейін 15 киллометрдей жаяу жүрдім. Қолымда бір сөмкемен шығып кетіп, жаныма адамдар тауып алдым. Біз бірге шекарадан өттік. Адам үшін маңызды нәрсе білім ғой, сондықтан мен кітаптарымды алдым да, кетіп қалдым. Шекарадан өткен кезде мен дәл қазір өмірімнің жаңа кезеңі басталатынын білдім. Қорықтым, қуандым, түсініксіз күй кештім”, – дейді Могамед.

Ал кәсіпкер Александр Хаптереев өзі сияқты Ресейден Қазақстанға келуге мәжбүр болғандарға көмек берумен айналысып, баспана мен алғаш кезде қажеттіні жеткізіп беріп жүр. 

“Қазір қиын жағдайға тап болғандар үшін арнайы орын таптым. Ең алғашқы рет Қазақстанға 2020 жылы келдім. Қазір көмек қажет адамдарға көмектесіп жатырмын”, – дейді Александр Хаптереев.

ТЕГи: Геосаясат
Анара Бауыржанқызы 09.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?