Қазақстандық бизнесмен Z-футболкаларын («арнайы операцияның» символы) киген ресейлік туристерге шағымданып, полицияға жүгінді.
Ксения Собчактың «Абайлаңыз, жаңалықтар» телеграм-каналының ақпараты бойынша, ресейлік топ Нұр-Сұлтандағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне экскурсияға келген.
Діни ғимаратқа кіріп-шыққаннан кейін туристер асханаға барады, наразы топ оларды сол жерде кездестірген. Футболкасында Z әрпі бар ер адамды телефон камерасына түсіре бастайды, ол бетін жабады. Осыдан кейін ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер полицияға жүгінген. Біздің мәліметтеріміз бойынша шағым экстремизмге қарсы күрес бөліміне келіп түскен,
делінген хабарламада.
Кәсіпкер мұндай футболкаларды кие отырып, ресейліктер бейбіт тұрғындарды азаптау пен өлтіруді қолдайды деп есептейді.
Терроризмнің мұндай насихатының түп тамыры жойылмаса, ертең олар форумдарында «Қазақстанға бардым, бір апта Z символикасындағы футболкамен жүрдім, ешкім ештеңе деген жоқ» деп жазады,
дейді ол.
Кәсіпкердің таныстары оны қолдап, мұндай адамдарды елден шығаруға шақырды.