Заңсыз есірткі және психотроптық заттар тізіміне тағы 27 зат енді

Бұдан былай «Трамадол» дәрісін сатып алғандар жауапқа тартылады.

ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Бұл тізімде айналымын мемлекет бақылайтын 1 мыңнан астам зат бар. Қазір оған есірткінің тағы 17 және прекурсорлардың 13 түрі, оларды дайындау үшін пайдаланылатын заттар енгізіледі,

деді ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Атап айтқанда, «дәріханалық» нашақорлықпен күресу мақсатында психотроптық заттар тізімі анальгетик «Трамадолмен» толығады. Оны есірткіге тәуелділер эйфория әсерін алу үшін пайдаланады және тұтастай алғанда есірткіге тәуелділік қалыптасуына ықпал етеді.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын «Трамадолдың» біліктілік мөлшері 0,1 граммға дейін – аз мөлшерде, 10 граммға дейін – үлкен мөлшерде, 10 грамнан бастап – аса үлкен мөлшерде болып жазылды. Үкімет актісі қолданысқа енген соң «Трамадол» тек рецепт бойынша және есірткі құралдары мен психотроптық заттардың айналымына лицензиясы бар дәріханалық және емдеу-профилактикалық ұйымдарда ғана берілетін болады.

Үкімет қаулысының жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago