Фото: ашық дереккөзден
5 жылда заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстық істер 5,5 есе төмендеген. Бұған қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген кешенді жұмыстар себеп болды, деп хабарлайды Хабар 24.
Осы уақыт аралығында астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған құқық бұзушылықтар саны 3 есе, заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істер 7 есе азайған.
Сондай-ақ букмекерлік кеңселер атын жамылған 4 заңсыз ойын сайты анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Арам пиғылын әлеуметтік желілер арқылы орындап отырғандар да бар.
Биыл «TikTok» желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясын жүргізген 177 аккаунт анықталды. 10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалған.
2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл – 2 мыңнан аса сайт бұғатталды. Агенттік Ақпарат комитетімен және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның «көшірме» сайттарын жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады, «Кибербақылау» жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді,
деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…