Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Заманбек пен Алтынбектің өлімі қайта тергеле ме?
Саясат

Заманбек пен Алтынбектің өлімі қайта тергеле ме?

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 18.01.2024
Обновлено 18.01.2024 в 11:01
Поделиться
Фото: oinet.kz
Поделиться

Қайрат Нұрқаділов 2022 жылдың наурыз айында Бас прокуратураға әкесі Заманбекке қатысты істі қайта қарауды сұрап, арыз жазған. Алайда сол кезде құзырлы орган істі қайта қараудан бас тартқан еді.

Сонымен, кешегі астан кейін Заманбектің ісі қайта көтеріле ме деген сауал биліктің жоғары эшелонында қызу талқыланып жатқанға ұқсайды.

Ulysmedia.kz қоғамда қызу талқыланып жатқан жайтқа қатысты қызықты талқылауды тапты.

Саясаткер Болат Әбілов «Гиперборей» ютуб каналына берген сұқбатында (№390) осы жайлы пікір білдірді.

Тоқаев дәл қазір болмаса да, сәл кейін осы істі қайтадан тергеуге тапсырма бере ме?

– Меніңше, Тоқаев бұған қатысты тапсырма береді. Мен Заманбектің ұлы Қайратпен тығыз байланыстамын, жақсы араласамын. Оның бұл шаруаны қайтадан қолға алғанына қолдау білдірдім. Егер біздің тарапымыздан қолдау керек болса, көмектесуге дайынбыз дедім. Екі жыл бұрын оның бетін қайтарып тастады. Бұл уақытша ғана. Оның өз-өзін өлтірді деген версия бұрынғы билікке қажет болды. Суицид болды дегенге сол кезде ешкім сенбесе де, ресми мәлімдемеде солай айтылды. Заманбек Қалабайұлымен көзі тірісінде де оқиға болған бөлмеде талай сұқбаттасқанбыз. Әлі көз алдымда, бильярд үстелі бар ол бөлмеде. Тіпті ол «Терминатор» болса да, өзін екі жерден атып, кейін басына оқ ату еш мүмкін емес. Ол бөлмеде Заманбектің отыратын креслосы болды. Ол өзіне келген қонақтарды сол орында отырып қабылдайтын. Оның өз-өзіне қол салғаны туралы тергеу нұсқасы еш ақылға сыймайды. Мұның түптің-түбінде қайта қозғалатынына біз сендік. Оған тек уақыт қажет. Міне, сол уақыт жеткен сияқты,

дейді бұрын оппозициялық «Ақжол» партиясының тең төрағасы болған белгілі кәсіпкер Болат Әбілов.

Еске салсақ, 14 қаңтарда, Алматыдағы мейрамханалардың бірінде Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдығына орай еске алу шарасы өтіп, ас берілді. Асты өткізудің саяси астары бар ма деген сұраққа келсек, оған жауапты асқа қатысқан және қатыса алмаса да арнайы хат жіберген лауазымды тұлғалардың іс-әрекетінен іздеген жөн. Алдымен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың хатын жиналған жұртшылыққа Баспасөз хатшысы Берік Уәли оқып берді. Сенат пен Мәжіліс төрағалары М.Әшімбаев пен Е.Қошанов та, Алматы облысы мен қаласының әкімдері М.Сұлтанғазиев пен Е. Досаев та Президент саясатына қолдау білдіріп, хат жолдаған. Бұл нені білдіруі мүмкін? Болат Назарбаевтың асына жиналған бұрынғы ығай мен сығайлар марқұм Болатты емес, ағасы Нұрсұлтанды мадақтап кеткенін ескерсек, саясат сахнасындағы таразы басы теңесу үшін Тоқаев та өз жоспарын бастаған болуы мүмкін. Ал осыдан екі жыл бұрын, 2022 жылы Қайрат Нұрқаділов арызбен жүгінгенде, Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты істі тергеу билікке қажет болмаған сияқты.

Қазақстан қоғамын дүр сілкіндірген белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың кісі қолынан қаза табуы әлі күнге дейін шынайы тергелді деп айтуға келмейді. Иә, 2006 жылдың 11 ақпанында Сәрсенбаев кісі қолынан қаза тапты. Заманбек Нұрқаділовтің «суицидінен» кейін бұл істің ақ-қарасын анықтатпай қоймаймын деп бекінген саясаткердің не үшін өлтірілгені айтпаса да түсінікті.

Тергеу толық әрі жан-жақты жүргізілді ме?  

Болат Әбілов:

– Әрине, тергеу толық жүргізілген жоқ. Оның қорытындысы алдын ала дайындалып қойды деп санаймын. Кісі өлтіргендердің біреуін ғана тапты, Багимов деген біреуді. Тапсырыс берушіні де анықтады Ержан Өтембаев деген. Өтембаев дегенді мен де танитын едім. Ол өзімен-өзі жүрген, ешкімнен алты алысы, бес берісі жоқ, араққа салынған адам. Оның Алтынбекті «сабасына түсіргім келді» деген жауабының өзі күлкілі. Мұны арнайы қызметтің жоғарыдан келген тапсырма бойынша ұйымдастырғаны айдан анық көрініп тұр. Шын тапсырыс берушінің аты аталмағаны, іс әділ жүргізілмегені алты жасар балаға да түсінікті.

Бір факті…

Болат Әбілов:

– Сотта айтылып қалды, мұндай ақпарат қайдан осы жерге жеткенін білмеймін, біз де таң қалдық. Тапсырысты орындаған Ибрагимов (қылмыс әлеміне кеткен бұрынғы полиция қызметкері) оқиға болатын 11 ақпаннан біраз күн бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Болатпен (фамилиясын ұмытып тұрмын. – Болат Әбілов) ұялы телефон арқылы күніне 15-18 рет сөйлесіп отырған. ҰҚК подполковнигі(!) Бірі киллер, екіншісі ұлттық қауіпсіздік, екеуіне ортақ қандай әңгіме болуы мүмкін? Яғни, подполковник киллермен байланыста отырған, оған оқиға болатын күні А.Сәрсенбаевтың бүкіл маршрутын айтып, хабарлаған: «Алтынбек офистен шықты, Медеуге 5 шақырым жетпей (сол маңда Алтынбек шағын үй жалдап тұратын) «күтіп» аласың деп. Меніңше, бұл бір ғана адамға керек болды. Команданы берген сол кісі. Себебі одан басқа бұл іс ешкімге керек емес еді. Біреулер мұны істеген Рахат (Әлиев), тағы басқа нұсқаларды айтады. Менің ойымша, бұл Рахаттың деңгейі емес. Иә, Рахат оңбаған адам, түрлі қитұрқылықтарға бара алады. Нұрбанк менеджерлерінің көзін құртты, т.б. Бірақ, қайталап айтамын, Алтынбек пен Заманбекті өлтіруге оның тәуекелі жетпейді. Екі азамат та оның ойнайтын адамдары емес-тұғын. Нұрқаділов ісі қайта тергелетін болса, онда Алтынбек Сәрсенбаевтың ісі де қайта көтеріледі деп ойлаймын.

Oinet.kz

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Главное, Қазақстан
Сайт Әкімшілігі 18.01.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?