Әлеуметтік желіге шолу

Өзбек бізден баяғыда озып кеткен, ағайын!

Біздің қазақтың жымын білдірмей аңдысқан бір жұрты бар. Өзбек. Олимпиада болса, өзбектің адымын аңдып отырамыз. Қанша күміс, қанша алтын…

Көлік шығарады, құрылыс көтереді, аяқ киім тігеді, демографиясын жаңғыртады.

  • Өзбек жағы қайтіпті?
  • Өзбек заң енгізіпті. Сақалын жұлыпты. Самолетін ұшырыпты.
  • Өзбек сөйтіпті, өзбек бүйтіпті…

Төске өрлегенін аңдуға келгенде алдыға жан салмаймыз.

Өзбек бізден баяғыда озып кеткен, ағайын.

Меніңше, ұтты, ілгерледі деп бәйек болудың қажеті шамалы.

Жалаңтөс бабамыз жайлы фильм түсіру арқылы өзбектер екі жеп биге шықты. Қанша ұрпақтың жадына жазылар Ұлы туынды.

Тұңғыш туындыгер болмағасын таласудың өзі — бекершілік. Кез келген дүниенің тұңғышы болғандар тарихта қалады. Мен шығарған үкімім емес, селекция заңы сондай.

Енді бізге оралайық…

Біз комедия көреміз, комедия түсіреміз. Көз алдымда күлдіргіштер мен күлегештер еліне айналдық.

Қазақстан — қарадүрсін комедия индустриясының алып державасы.

Оңға қарасаң, Хи-хи, ха-ха, қарқ-қарқ… Солға бет бұрсақ, сақ-сақ күлкі. Және, ең бастысы, ойсыз, арсыз күлкі… (Күліп жүріп омақаса құлаған империялар тарихта аз болмаған…)

Дүкс-дүкс той, дыңқ-дыңқ музыка… Мерейтойлар. Ескерткіштер. ( кейде ескерткішке толған бүкіл ел — алып мола сияқты)

Көп дүниені ақылмен таразылаған соң айтамыз да. Әйтпесе, көп секілді жыртың-жыртың етіп жүру қиын ба?

Ұнамсыз тұсымыз:

  • Популистер билікке араласады; жағымпаздар табысқа жетеді; шайхымазақтар экранды жаулайды;
  • Интеллектуалдарты желбуаздар түртпектейді…
  • Біздің бар биіктік — мейрам сайын марапат бөлісіп, медаль тағыну.
  • Айтқандай, және әркім елде өз кәсібімен шұғылданбайды.

Бет алған бағытымыз осы…

Ал өз басым Өзбек ағайындар үшін шын қуандым. Жақсыны — көрмекке,.. Яшасынляр, Узбек авази. Яшясынляр комшу миллият!

Dastan Kastay

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago