Өзбекстанда Nike брендімен кроссовкалар өндірісі іске қосылды. Бұл туралы «Узчармсаноат» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Компания 2019 жылы Өзбекстан аумағында өнім шығаруға рұқсат берген болатын. Айта кетейік, Әндіжанда спорттық аяқ киім өндірісін Nike-тың Қытайдағы филиалы — Sino International ұйымдастырды.
Қауымдастық кәсіпорынның конвейерінен кроссовкалардың бірінші партиясы шығып үлгергенін жеткізді. Жергілікті мамандарға қытайлық әріптестері көмектеседі.
Қазір Өзбекстан Nike кроссовкаларын шығарып, халықаралық нарыққа жіберуді бастап кетті. Қазіргі уақытта біз күніне алты мың жұп өндіреміз, ал болашақта жылдық қуаттылықты үш миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,
деді Sino International басшысы Жунсюань.
Nike стратегиясына сәйкес, елде тігілетін кроссовкалар Орталық Азия, Пәкістан елдерінің нарықтарына, ал болашақта Еуропаға жеткізіледі.