Шетел басылымына шолу

Өзбекстанда бетін жапқандар мен некесін тек мешітте қиғандар жауапкершілікке тартылады

Заң шығару палатасының депутаттары көп әйел алу мен бетті жабатын діни киім киюді шектейтін және ер мен әйелдің теңқұқылығына байланысты кодекстерге түзетулер қабылдады, деп хабарлайды gazeta.uz.

5 қыркүйекте Олий Мажлис заң шығару палатасының жалпы отырысында депутаттар әкімшілік жауапкершілік туралы кодекс пен қылмыстық кодекске түзетулер пакетін қарады. 

Заңда азаматтардың ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни қатыстылығына қарай артықшылығын немесе кемсітуді насихаттағаны үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді.

Бұдан басқа, некесін заңды тәртіппен тіркемей, діни рәсіммен некелескені үшін жауапкершілік енгізіледі.

Депутаттар Өзбекстанда дін бойынша некеге тұра салатындардың саны артып келе жатқанын, соның салдарынан көп әйел алу жағдайлары жиі кездесетінін атап өтті.

Парламенттің төменгі палатасының мәліметі бойынша, некесіз туған балалардың саны да өсті. Өзбекстан бойынша 2022 жылы 18 955 бала некесіз туған тіркелді. 2021 жылы 19 037 бала, ал 2020 жылы 16 564 бала некесіз тіркелген.

АХАЖ органдарында тіркелмеген неке әке болуды белгілеуге, алимент тағайындауға, мұраға байланысты проблемаларға әкеп соғады.

Заңда екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттау, сондай-ақ әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын ашық түрде жоққа шығарғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago