Өзбекстанда мұғалімдерді тікелей міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккендерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң қабылдануы мүмкін. Бұл туралы президент әкімшілігінің байланыс және ақпарат саясаты бөлімінің меңгерушісі, Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзяева айтты.
Мирзяеваның айтуынша, қазір мұғалімдерді балаға сабақ беруден басқа да шаруаларға міндеттейтін болған.
Қазіргі кезде мұғалім — мемлекеттік мерекеде қызмет көрсетуші, үй аралап статистика жинайтын тегін қызметкер, бау-бақша егуші, еден жуушы, комиссияны қонақ қылатын официант және аспаз, ешкімге керегі жоқ іс-шаралар кезінде залды толтырып отыратын адам, халықтан салық пен төленбеген кредиттің ақшасын жинаушы, баспасөзге мәжбүрлеп жазғызушы, мектептің күзетшісі, түнгі кезекшісі және әлдекімнің тәрбиесіз баласына да жауап беруші. Сонда сабақты кім береді? Мына күйде білімді қалай дамытамыз?
деді ол.
Мирзяева аталмыш заңды қабылдау мәселесін көтергенімен, оның қашан күшіне енетіні, қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз.