Этникалық қазақ, актриса Риза Әлімжанқызы «Үздік актриса» атағына ие болды. Премияның 30 жыл тарихында марапатты бірінші рет қазақ қызы алып отыр.
Әлімжанқызы Қытайдың шет аймақтарындағы қарапайым халықтың тұрмысы туралы баяндайтын Minning Town сериалындағы басты рөлі үшін Fying Apsara Awards жеңіп алды.
Мен бақыттымын. Жұмысымды бағалаған қазылар алқасы мен көрермендерге алғысым шексіз. Сізге өз тілімде алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Рахмет!
деді ол марапаттау рәсімінде.
Риза Әлімжанқызы 1986 жылы Бейжіңде қазақтың дәстүрлі отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы тіл мектебінде жұмыс істейді. Бейжің кинематография институтын бітіргеннен кейін ол көптеген фильм мен телехикаяға түскен.