Фото: ашық дереккөзден
Елімізде базалық зейнетақы мөлшері артады. Оны көбейту үшін ең жоғары табыс та ұлғаяды. Яғни 2025 жылға қарай орта есеппен 27 пайызға өседі деген сөз.
Зейнетақы жүйесі қысқаратыны белгілі. Себебі оны есептеу кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ескеріледі.
Қазір елімізде көп деңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасты. Қандай өзгерістер орын алады?
Бірінші. 2023 – 2027 жылдар аралығындағы кезеңде ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 54-тен 70%-ға дейін, ең жоғары мөлшерін 100-ден 120%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Яғни базалық зейнетақының жыл сайынғы өсімі 13 пайызды құрайды. 2 млн зейнеткерге қатысты.
Екінші. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыларды есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделеді. Яғни, 2025 жылға қарай зейнетақы 27 пайызға артады. 3 жыл ішінде 109-дан 138 мың теңгеге дейін көбейеді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу бойынша міндеттемелер қабылдайды.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспар бойынша орнатылар төлемдер көлемі:
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының орташа мөлшері 119 460 теңгені құрайды.
2024 жылы ол 125,5 мың теңгеден, 2025 жылы – 130,4 мың теңгеден асады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…