10 миллионға жуық қазақстандық Kaspi.kz арқылы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне жүгінеді екен.
Kaspi.kz қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөлімінде енді жаңа қызметтер қол жетімді болады:
- зейнетақы аударымдары туралы
- зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері туралы
- әлеуметтік төлемдер туралы анықтамаларды алуға болады.
Енді біздің клиенттеріміз үздік Kaspi.kz қосымшасында БЖЗҚ-дағы өзінің зейнетақы аударымдары, әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен зейнетақы туралы ақпаратты онлайн ала алады. Бұл Еңбек министрлігі, Цифрландыру министрлігі, «ҰАТ» АҚ және біздің командамыздың бірлескен жұмысының нәтижесі,
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.
Жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласында банктердің қосымшалары арқылы ұсынылған 6 қызмет іске асырылды. Енді алатын жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы анықтама беру мүмкіндігі туды. Халықтың бұл ақпаратқа сұранысы жоғары – өткен жылы 200 мыңнан астам адам төлемдер бойынша мәлімет алған.
Біз мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жиі қолданылатын мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің платформалары мен қосымшаларына шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда 15-тен астам мемлекеттік қызмет, соның ішінде автокөлікті қайта тіркеу, ЖК тіркеу, бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау және т.б. банктік қосымшаларда қолжетімді. Сондай-ақ банктердің платформалары арқылы цифрлық құжаттарды қолдануға болады. Мұның бәрі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға мемлекеттік қызметтерді «осы жерден және қазір» алуға мүмкіндік береді,
Бағдат Мусин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне жыл сайын 10 миллионға жуық қазақстандық кіреді.
Смартфон экраны арқылы жеке кәсіпкерді тіркеп, жүргізуші куәлігін алуға, көлікті қайта тіркеуге, баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге, балаларға жәрдемақы алуға және басқа да мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде жеңіл әрі оңай алуға болады.