БЖЗҚ емделу үшін қазақстандықтардың арнайы шоттарына 192,4 миллиард теңге аударды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
2022 жылы емделуге төленетін төлемдердің орташа сомасы 700 мың теңгені (2021 жылы — 900 мың теңге) құрады.
Өтініштердің 96%-тен астамы стоматологиялық қызметтерге пайдаланды. Тек 2,8%-і офтальмологиялық қызметтерді алуға қатысты болған.
Сондай-ақ, 2021 жылдың қаңтарынан бастап биыл 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 1 345 400 өтініш қанағаттандырды. Қор қазақстандықтардың арнайы шоттарына шамамен 3,2 триллион теңге аударды.
Өтініштердің басым бөлігі Алматы (17,46%), Астана (14,09%), Маңғыстау облысы (10,32%) тұрғындарының үлесіне тиесілі.
Алайда алған соманы межелі түрде жұмсамағандар:
- Алматы — (22,57%),
- Маңғыстау облысы — (16,48%)
- Астана — (14,05%).
460,4 миллиард теңге салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына қайтарылды. Өйткені біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушілер заңнамада белгіленген мерзімде пайдаланбаған.
Салымшылар көбінесе тұрғын үйді азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке сатып алу үшін (барлық орындалған өтініштердің 35,7% немесе аударылған сомалардың 64,3%) және жеке тұрғын үй салу үшін (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда) өз жинақтарын пайдаланды.