Салымдарымыз қорда қолды болып жатыр.
Зейнетақы қорында теңге кеміріп жатқан атжалман бар демеске болмай тұр.
Былтыр бір қарағанда 1 865 000 — нан 200 мың теңгесі кеміп 1 600 000 -ның ар жақ бер жағында еді.
Зейнетақы қорының бұған айтқан уәжі мынау болды: » Инвестиция салып едік, ол күткендегідей пайда әкелмеді де, кішкене шығынға кіріп кеттік, бірақ қорқынышты ештеңе жоқ, босқа даурықпай зейнетақы қорына ақшаларыңызды аудара беріңіздер. Барлық елде сондай. Тәуекелсіз болмайды».
Сонымен мен өз басым 200 мың теңгені зейнетақы қорына садақаға беріп, тапқан нәпақамнан әлгі қорға жалақымның он пайызын аударуды жалғастырдым.
Бүгін бір көре салайын десем бұған дейінгі қорда тұрған ақшамның 1 миллионы тағы да жоқ.
деп жазды Марат Ахметов Фейсбук парақшасында.
Тағы бір миллионды бере салатын соншалықты бай емес едім, сондықтан қор басшылығынан ақшаларым қайда кетіп жатыр, есеп беріңіздер деп сұрағым келеді.
Ал, ағайын, зейнетақы қорындағы жинақтарыңыз туралы мәліметпен соңғы рет қашан таныстыңыздар? Жүз мыңдарды былай қойып, миллиондарды жоқ қыла салатын қор басшылығы салымшыларының алдындағы есептілігі қалай жүзеге асуда?
Бұл, расында, атжалман қор, жинаған салымыңды кеміретініне көзім жеткен. Бұл да өте өзекті мәселе. Халықтың ақшасын бұлар да тонап жатыр…
деп толықтырды Сәуле Әбілдаханқызы.
