Categories: Экономика

Жаңа өнім – бірлескен зейнетақы аннуитеті енгізілмек

Зейнетақы қорындағы жинағы жеткілікті болған жағдайда, қазақстандықтар ақшасын зейнет жасына жетпей-ақ ала алады. Әрине, жеткілікті соманы елдің бәрі жинаған жоқ. Бірақ жақын арада бұл мәселе бірлескен зейнетақы аннуитетін енгізудің арқасында шешілетін болады.

Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің пайда болғанына жиырма жыл болды. Белгілі бір жасқа жеткеннен кейін және жеткілікті сома жинаған азаматтардың өмірді сақтандыру компаниясымен шарт жасасып, өз жинақтарын БЖЗҚ-дан сол компанияға аудару мүмкіндігі бар.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті қолжетімді болды. Ол 45 жасқа толған кезде шарт жасасуға және өмір бойы ай сайынғы төлемдерді кейінірек алуға мүмкіндік береді: ерлер – 55 жастан бастап, әйелдер – 52,5 жастан бастап. Егер БЖЗҚ-ға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 5 жылдан бері аударылып келсе, 40 жастан бастап шарт жасасуға болады және 50 жастан бастап айлық төлемдер ала аласыз. 45 жасында 55 жастан кейін кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін бүгінде ер адамның зейнетақы қорындағы шотында кемінде 6,7 млн теңге, ал әйелдерде – 8,4 млн теңге болуы қажет.

Зейнетақы аннуитеті несімен жақсы? Маңызды ерекшелігі – зейнетақы жинағы таусылса да, өмір бойы төленетін айлық төлемдер. Бұдан басқа, кепілдік кезеңін белгілеуге болады, сол мерзім бойы сақтандыру компаниясы кепілдік берілген төлем тағайындалған тұлғаға немесе оның мұрагеріне аннуитеттік төлем жасауды жалғастырады. Сондай-ақ, зейнетақы аннуитеті шартында төлемдерді жыл сайын индекстеу қарастырылған.

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан азамат зейнет жасына жеткенде зейнетақыны үш көзден ала алады: өмірді сақтандыру компаниясынан аннуитеттік төлемдер, БЖЗҚ төлемдері, өйткені жұмыс беруші зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатпайды және мемлекеттік базалық зейнетақы.

Жаңадан енгізілген бірлескен зейнетақы аннуитеті шартына бір адам емес, ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстары қатыса алады. Бірлескен аннуитет зейнетақы жинақтарын біріктіруге көмектеседі, егер бірінің жинағы жетпесе, екіншісінде артық жинақ болса. Әрқайсысының төлем мөлшері мен кестесі бөлек анықталады. Бірі өмірден озса, екіншісі кесте бойынша өзінің жеке төлемдерін ала береді. Төлемдердің кепілдендірілген мерзімін және сақтанушы қайтыс болған жағдайда кепілденген төлемдерді алатын тұлғаны әркім өзі анықтайды.

Осы өзгерістердің арқасында қазақстандықтар өз жинақтарын пайдалана алады және өздерінің өмірлік мақсаттары мен қажеттіліктеріне қарай зейнетақы аннуитеттері арасында өзіне лайық өнімді таңдай алады дегенге сенімдіміз.

Нұрлыбек Толықбаев, «Евразия» ӨСК Басқарма төрағасының орынбасары

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago