«Зерде» холдингі сайтында мәлімдеме жариялады.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ (БСН: 080940016280) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15, тел.: 8 (7172) 57-07-78, 57-09-08, 57-08-20 мекенжайы бойынша қабылданады,
делінген хабарламада.
Еске салайық, 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусин елдегі цифрландыру қарқыны қанағаттанарлық емес екеніне байланысты президенттен ескерту алған еді. Мемлекет басшысы бұған дейін Есеп комитетінің сынына ұшыраған «Зерде» холдингі жұмысын жақсартуды тапсырғанын еске салды.
Содан кейін Цифрлық даму министрі холдингті толығымен таратуды ұсынды. 8 тамызда Премьер-министр Әлихан Смайылов холдингті тарату туралы қаулыға қол қойды.