Әуежайда аңдамай сөйлеп, 17 миллион теңге айыппұл арқалауға болады.
Тыйым салынған сөздер жайлы қазақстандықтар біле ме?
Әуежайда тыйым салынған сөздерді айтса бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына дейін көзделген. Қамамаса да қосымша тінтуге тап болып, ұшақтан қалып қою қаупі бар, деп хабарлайды 365kz.
«Террорист», «терроризм», «террор», «бомба» деген сөздерді әуежайда айтуға болмайды.
Егер осы актіге қатысыңыз болмаса, мейлінше айтпау керек. Мұны терроризм актісі бойынша жалған ақпарат беру деп атаймыз.
Кейбір адамдар «жүгімде бомба бар» деп әзілдеп жатады, бірақ бұл әзілдің арты қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін көбісі білмейді.
Тілшілер әуежайдағы адамдардан тыйым салынған сөздер жайлы сұрап көрді. Олардың көбі аталған сөздер жайлы білмейтін болып шықты.
- Ұшақпен ұшып жүргеніме екі жыл болды, бірақ бірінші рет естіп тұрмын.
- Білмейді екенмін.
- Жоқ, естімеппін, – деп жауап берді олар.