Жастардың арасында қауіпті ойын таралып жатыр.
“Жүгір немесе өл” ойыны бойынша балалар қауіпті нәрсе жасап, содан кім тірі қалып, жеңуге тиіс. Қазақстандықтар бұған дабыл қағып, ата-аналарды ескерту жасап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz.
Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған. Ер адам көліктің алдынан жүгіріп жүрген жасөспірімдер тобын түсіріп алған.
Сұр-жасыл күртеше киген бала көліктің астына түсе жаздады. Жүргізуші уақытында тоқтап үлгерді. Достары осыған күліп, қарап тұрды,
деді куәгер.
Маңғыстауда автокөлік жүргізушілері бір-біріне ескертіп жатыр.
Егер көлікпен жүргенде жол бойында жүгірген жігіттерді көрсеңіздер, абай болыңыздар,
делінген хабарламада.