Жүлдегер оқушыларға жалпы 76 млн теңге сыйақы берілді

Халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орын алған 27 оқушы қомақты ақшалай сыйлық алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Сыйақының жалпы сомасы 76 млн теңгеден асты. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов беделді халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарына сертификат пен еліміздегі ЖОО-да оқуға грант табыстады.

Жеңімпаздарды дайындаған педагог-тәлімгерлер де ақшалай сыйлық берілді.

Бұл Мемлекет басшысының дарынды балаларды қолдау бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі тапсырмасының арқасында мүмкін болғанын айта кетейік. Биыл оқушылар қазақстандықтардың халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысу тарихында рекордтық медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль бар,

делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы дарынды балаларды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Биыл президент халықаралық пәндік олимпиадалар жеңімпаздарына біржолғы ақшалай сыйақы төлеу ережесін қарастыратын заңға қол қойды.

Осылайша оқушылар халықаралық зияткерлік сайыстарда жеңіске жеткені үшін алғаш рет ақшалай сыйлық алып отыр. Алтын медаль алған оқушылар 1 500 АЕК, күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық алды. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да бір реттік сыйақы алды. Онымен қоса, халықаралық олимпиада жеңімпаздары қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін автоматты түрде грант алады,

деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Министр балаларды жеңісімен құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.

Қазір 7 олимпиададан тұратын халықаралық беделді олимпиадалар тізімі келесі жылы тағы 7 олимпиадамен толықтырылады,

деді министр.

Оқушылар мен олардың ата-анасы президент пен мемлекет көрсетіп жатқан қолдауға ризашылығын білдірді.

Химиядан халықаралық пәндік олимпиаданың күміс жүлдегері атанған Санжар Бейсенәлінің әкесімін. Баршаңызға балаларымыздың жеңісі құтты болсын. Балаларымыз күндіз-түні олимпиадаға дайындалып, халықаралық аренада жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл — бірнеше жыл бойы тынымсыз еңбек еткен балаларымыздың, мұғалімдердің, ата-аналардың күнделікті жұмысының жемісі. Халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына материалдық және моральдық қолдау көрсетілетіні қуантады,

деді жүлдегер оқушының әкесі Дархан Бейсенәлиев.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago