Аты бар, заты жоқ. Миллиардтық жобалар қайда кетті?

Қарапайым халықтың өмірін жақсартамыз деді олар. Энергетика, құрылыс, азық-түлікпен қамтамасыз ету, медицина және ақпараттандыру салаларына миллиардтаған ақша салды. Нәтижесінде аты бар, заты жоқ болып шықты. Соңғы сондай сәтсіз жобаның біріне 1,5 млрд теңге кеткен екен. Денсаулық сақтау министрлігі ақпарат платформасын жасамақ болған-мыс. Айтылды, қалды. Қазір бұл іс бойынша экс-министр Елжан Біртановқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еліміздің тарихында мұндай жағдайлар көптеп кездеседі. Жабылып қалған кәсіпорындарды әлі де қайта жандандырамыз дейді.  Әрине, ол жаңа бюджет, жаңа атау, онсыз емес. Liter.kz шулы, бірақ ұмытылып кеткен жобалар туралы жазған екен. Зер салайық!

Балқаш мырыш зауыты

2003 жылы Балқаш мырыш зауыты салтанатты түрде ашылды. Ашылу рәсіміне Назарбаев қатысты. Кәсіпорын жылына 100 мың тонна мырыш өндіруге тиіс еді. Зауыт құрылысына 120 миллион доллардан астам қаржы жұмсалған. Балқаш мырыш зауыты «Қазақмыс» корпорациясының басты жобаларының бірі болатын.  Бірақ 2009 жылы маусым айында Балқаш мырыш зауытының бас директоры зауыт жұмысының тоқтағанын хабарлады. Бір нұсқа бойынша мырыш өндірісіне қарағанда мырыш концентратын өндіруге сұраныс жоғары. Ол үшін қызметкерлерді қайта даярлап, зауытты қайта құру қажет деп түсіндірді.

2020 жылы Қарағанды облысының әкімдігі зауытты қайта құрамыз деп хабарлады. Ол үшін 100 млн доллардан астам инвестиция қажет. Өндірісті іске қосу 2022 жылға жоспарланған. Алайда, жыл аяқталуға жақын, ал ашылу туралы естіген ешкім жоқ.

Құбырлар мен фитингтер шығаратын зауыт

2005 жылы 12 мамырда полиэфирлі арматураланған шыны талшықтан құбырлар мен фитингтер шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы болды.

Зауыт «Ауыз су 2002-2010» салалық бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуы тиіс еді. Кәсіпорын су және кәрізге арналған құбырлар шығаруды жоспарлаған. Инвестиця құны – 40 млн доллар. Шынында 16 млн еуродан астам қаражат жұмсалыпты. Оны Қазақстанның Даму банкінен алған. Зауыт алғашқы өнімін 2005 жылдың желтоқсанында шығарды. Үш жылдан соң кәсіпорын жұмысын тоқтатты.

Тасқала цемент зауыты

2007 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында салынбақ болған бұл зауыт Назарбаевқа таныстырылған. Жоба құны 210 миллион доллар.  2009 жылы құрылысын аяқтау көзделген зауыт жылына 2 миллион тоннаға дейін цемент өндіреді деп жоспарланған.

2010 жылдың бас кезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов зауыт құрылысы кезінде бірқатар қателіктердің кеткенін хабарлады. Нәтижесінде жоба тұйыққа тірелді.

Tecata халықтық компьютер

2006 жылы Үкімет компьютерлік сауатсыздықты жоямыз деді. «Ашық Әлем» ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын әзірледі. Кейін курсты аяқтаған азаматтарға арзан компьютерлерді тегін таратты. «Халықтық» компьютерді  шығарамыз деп бірнеше ірі өндірушілер бірлесті. Оған ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, «Қазақтелеком», Intel және Microsoft компаниялары қатысты.

2007 жылдың жазында Glotur компаниясы Tecata сауда маркасымен 350 доллар тұратын компьютер шығаратынын жариялады. Уәдесінде тұрды. Бірінші компьютер алты айдан кейін пайда болды. 2009 жылдың аяғында күніне 300 компьютер, немесе жылына 100 мың компьютерге дейін шығару жоспарланды.

Алайда, бұл халықтың көңілінен шықпады. Компьютерлердің конфигурациясы әлсіз болды. Дәл сол ақшаға мықтысын сатып алуға болады.

Ауылдық жерлерде компьютердің тіпті пайдасы болмады. Себебі интернет ол уақытта әлі пайда болмаған еді. Осылайша, екі жылдан кейін жоба тек тарих болып қалды.

«Биохим» зауыты

2006 жылы күзде Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы «Биохим» зауытын салтанатты түрде ашты. Жобаның құны — 88,6 миллион доллар. «ТМД көлемінде теңдесі жоқ» деп сипатталған бұл кәсіпорын жылына 57 мың тонна биоэтанол, 19 200 тонна балауыз, 24 мың жем-азық ашытқысы, 25 600 тонна көмірқышқыл газы, 58 мың тонна ұн, 50 мың тонна кебек өндіреді деп жоспарланған еді. Өнімнің 30 пайызы Қазақстанда, 70 пайызы сыртқы рынокта сатылмақ болған. 300-ден астам адам тұрақты жұмыс істеуі тиіс болған.

2012 жылы бұл кәсіпорынды банкрот деп тану үшін сот процесі жүрді.

Ауыл шаруашылығына арналған «Фермер» ұшағы

2011 жылы экс-президент Қарағанды облысына ауыл шаруашылығына арналған ұшақ шығаратын зауытының ашылу рәсіміне қатысты.

Жобаның құны – 1,648 миллиард теңге. Мемлекет бұл жобаға «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 750 миллион теңге, «ҚазАгро» ұлттық холдингі 846 миллион теңге жеңілдетілген кредит берген.

Ашылған кезде жылына 36 «Фермер-2» және «Фермер-500» ұшағын шығаратын болған бұл зауыт бір жылдан кейін де ұшақ шығармаған.

«Crown Батыс» азықтандыру кешені

2010 жылы Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Янайкино ауылында  бордақылау кешенінің құрылысы басталғанын хабарлады. Жергілікті тұрғындар сиырларын үш-төрт ай бойы арнайы технология бойынша бордақылауға беріп, қызмет ақысын төлеген соң, алып кете алатын болған. Кәсіпорында тіпті мәрмәр ет өндіру де жоспарланыпты.

Жоба «ҚазАгро»  арқылы жеңілдетілген несие түрінде қолдау алды. Оның жалпы құны 3,5 млрд теңге, оның 70 пайызы мемлекеттен алынған қарыз қаражат.

Бірақ 2012 жылы облыстық қаржы полициясы «Crown Батыс» ЖШС басшысы Евгений Әлиевке мемлекеттен заңсыз субсидия алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

Келтірілген шығын көлемі 53 миллион теңгеден асқан. Іс материалдарына сәйкес, кәсіпкер 13,8 миллионын Ресейге жіберген ет үшін алыпты. Ал Оралға өткізілген сиыр еті үшін 40 миллион теңге алған.

Әлиев өз кінәсін мойындамаса да, 2013 жылы сот оның мүлкін тәркілеп, үш жылға бас бостандығынан айырды. Жарты жылдан кейін жаза шартты түрге ауыстырылды. Зауыт жұмысын тоқтатты.

2019 жылы «Тұлпар» компаниясы бордақылау кешенінің инвесторы болды. Қазір кешен «Янайкино» деп аталады.

Қағаз орамал және дәретхана қағазын шығару зауыты

Кәсіпорын 2016 жылы ашылды. Оған 14 миллион доллар кетті. Кәсіпорын жылына 17 мың тонна қағаз шығарады деп жоспарланған болатын.

Ашылу кезінде өнім көрші елдерге де экспортталады деп айтылған. Оның ішінде Ресей де бар. Бірақ компания инвесторлар алдындағы міндеттемелерін орындай алмады. 2021 жылдың 22 маусымында басқарушы компания мен «Ipek Kagit Central Asia» ЖШС қызметті жүзеге асыру туралы келісімді бұзды.

Бір кездері «халықтың қамы үшін» деген аты шулы жобалардың бүгін аты да жоқ, заты да жоқ. Ал миллиардтық шығындар үшін жауаптылар болды ма екен? Келесі сәтсіз жоба қашан болады деп ойлайсыздар? Пікірлеріңізді қалдыруды ұмытпаңыздар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

1 день ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

1 день ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

1 день ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

1 день ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

2 дня ago