Categories: Білім

Жұмысқа орналасу үшін енді диплом қажет емес. Министрдің жаңа заңы нені көздейді?

Қазақстанда енді дипломның болуы біліктіліктің деңгейін растау болып саналмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәжілісте өткен үкімет сағатында кадрларды қабылдау механизмі қалай өзгеретіні туралы айтты. Минстрдің сөзінше, енді жұмысқа орналасу кезінде диплом міндетті болмайды.

«Бұрын жұмысқа орналасу үшін артықшылық дипломның болуы болса, онда заңның қабылдануымен енді қызметкердің дағдылары мен құзыреттерін растайтын сертификаттың болуы артықшылық болады.

Жұмысқа орналасу кезінде қызметкерлердің дипломы бар-жоғына қарамастан тәжірибеде біліктілігін растауы тиіс және жұмыс берушіден сертификат алуы керек.

Дипломның болуы біліктілік деңгейін растау болып саналмайды. Бұл көп жағдайда жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болып жатады. Осыған байланысты ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын «Кәсіби біліктілік туралы» заң әзірленді», — деді министр.

Сонымен қатар, тәжірибеде қажетті білім мен жұмыс дағдылары мен біліктіліктері бағаланғаннан кейін сертификаттар беріледі. Сертификат бейресми, формалды емес және информалды білімі барларға да беріледі екен.

Дипломның құны болмай ма?

Кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде сертификаттау және дағдылар мен құзыреттерді бағалау жүйесін енгізу туралы министрдің сөздерін қосымша түсіндірді.

«Шынында да, кейбір кәсіптер бойынша біліктілікті растау және бірқатар кәсіптер бойынша сертификаттау жүйесі жұмысқа орналасу үшін міндетті болуы мүмкін. Бірақ, бұл барлық мамандықтарға қатысты емес және кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Халықтың денсаулығына, тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қауіпсіздігіне байланысты реттелетін кәсіптер үшін бұндай тәжірибе халықаралық деңгейде қолданылады. Яғни, аталған кәсіптер Ұлттық біліктілік шеңберінің 6-8 деңгейлерінде ресми білімнің болуын жоққа шығармайды. Бұл ретте сертификаттау жүйесі арқылы алынған біліктілікті растау талап етіледі» – делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кету керек, біліктілікті растау және сертификаттау жүйесі кәсіби стандарттарға сәйкестігін көрсетеді. Онда сертификатталушының білім деңгейі міндетті түрде көрсетіледі. Яғни, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, ТжКБ, орта немесе толық емес орта.

«Заң жобасында бейресми немесе өз бетімен оқу — қосымша білім ретінде қарастырылады. Бұл өмір бойы оқыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған. Яғни, азаматтарға белгілі бір курстар арқылы өз білімдері мен дағдыларын жаңартуға мүмкіндік беріледі», – деп атап өтті Білім министрлігі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago