Қоғам

Жұмыссыз қалған әрбір азамат әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы

Қандай құжаттар керек, кімдер ала алады?

Міндетті сақтандыру жүйесі болуы керек. Себебі жәрдемақы жұмыссыз қалған азаматқа сол қордан тағайындалады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу керек. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына баруға немесе электронды еңбек биржасының сайтында онлайн рәсімдеуге болады, дейді Massaget.kz

Құжаттан керегі: жеке куәлік пен өтініш.

Жәрдемақының мерзімі жұмыссыз азаматтың еңбек өтілімен және әлеуметтік аударым жүргізілуімен тікелей байланысты. Мысалы, әлеуметтік аударымдар 6-12 ай ішінде түсіп отырса, бір айға ғана тағайындалады. Әрі қарай солай есептеле береді.

Ал мөлшеріне бірнеше фактор әсер етеді. Олар: әлеуметтік сақтандыру қорына жасалған мөлшері мен табысы және еңбек өтілі.

Осы формулаға сәйкес есеп жүргізіліп, 35 000 теңгеден 224 000 теңгеге дейін төлем жасалады.

Қандай жағдайда тоқтатылады?

  • жұмыссыз ретінде тіркелген азамат елден кеткенде;
  • ҚР азаматтығынан шығарылғанда;
  • қылмыстық іс бойынша сотталғанда;
  • жұмыссыздық тізімінен шығарылғанда;
  • зейнеткерлік жасқа толғанда;
  • қайтыс болған жағдайда.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago