Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік төлемді қалай алады?

Қазақстанда 66,1 мыңға жуық адам жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем алушылардың саны 66,1 мың адамға жетті. Бұл ретте 55,7 мың азаматқа төлем алғаш рет осы жылы тағайындалды.

Қолданыстағы заңнама бойынша, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ақша төлеп жүргеніне және кейінгі 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 40%-не дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады,

делінген министрлік таратқан хабарламада.

Жұмыстан шығарылған қызметкерге төлем берілуі үшін мына әрекеттер жасалуы керек:

  • eGov.kz порталына тіркелу;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеуді» таңдау;
  • барлық аймақты толтырып, соңында ЭЦҚ арқылы қол қойып, қызметке онлайн тапсырыс беру;
  • бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде жұмыссыз мәртебесі қашықтан беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Бұл қызметті онлайн режимде электрон еңбек биржасы арқылы да алуға болады (enbek.kz).

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болса, Еңбек министрлігі ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіссеңіз, SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Еске салайық, МӘСҚ жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған. Қор қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрон еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты.

Бұл жұмыссыздарды тіркеу және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрон цифрлық қолтаңба арқылы ғана жасауға болады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

12 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

19 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

19 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

20 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago