Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Жұрттың арманы лезде баю. Қоғам тығырыққа тірелді
Қоғам

Жұрттың арманы лезде баю. Қоғам тығырыққа тірелді

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 31.03.2023
Обновлено 31.03.2023 в 04:03
Поделиться
Поделиться

«Бір жағынан кредиттерді кешіру, жәрдемақыларды өсіру талаптары көбейсе, екінші жағынан құмар ойын мен букмекерлердің табыстары көбейіп барады. Қазақстан халқының ең басты арманы тегін байлыққа кенелу болды, біздің елде ауру қоғам қалыптасып жатыр», дейді turanpress.kz басылымы.

Халықтың көпшілігінің кедейленуіне инфляция мен теңгенің құнсыздануы себеп екені түсінікті.

Алайда кредитке Айфон алып, кредитке 500 адамға той жасау, немесе тез байып кету мақсатында ақшасын түрлі пирамидаларға салып, ставкаға қадап жіберетіндер де күрт көбейді.

Мәселен, Қазақстанда коронавирусқа байланысты карантин мен төтенше жағдай жарияланып, халық жаппай атышулы 42500 теңгені алып жатқан кезде құмар ойын бизнесінің табысы қатты өсті. Құмар ойынға салыну, лудомания деген Қазақстандағы ең өткір проблемаға айналды.

Желілік ресурстардың дамуымен

халық жаппай ұтыс арқылы кедейлік пен депрессиядан құтылып көруге тырыса бастады.

Бірақ дені дұрыс адам мұндай стратегияның көбіне байлыққа емес, қарызға, қылмысқа, ажырасу, түрме мен құрдымға ғана әкелетінін түсінуі керек.

Жағдайына қарамай көп бала туу да отбасы мен бюджетке салмақ, жұмыссыздыққа себеп. Экономика адамды бейімдей алмайтын жерде ешқандай атаулы әлеуметтік отбасыларды бақытты етпейді.

2022 жылы құмар ойын бизнесі секторы 94 млрд теңге салық төлеген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. 2021 жылы құмар ойын бизнесінің иелері 501 млрд теңге табыс тапты. Бірақ сарапшылар ресми көрсеткіштер шынайы көрсеткіштен төмен екенін айтады. Бұл нарықтың шынайы көлемі жылына 800-900 млрд теңгеге бағаланады.

Қазақстандықтардың ойынқұмарлыққа салынуының басты себебі – жан-жақтан қаулаған жарнама. Құмар ойынға қызығушылық әсіресе Алматы мен Астана, Алматы облысы, Жамбыл және Ақмола облыстарында жоғары.

Заңсыз құмар ойын секторын да қаперден шығармау керек. 2020 жылы пандемия кезінде ҰҚК Алматыда тәулігіне 20 млн теңге табыс табатын заңсыз казино желісінің әрекетіне тосқауыл қойғанын хабарлаған болатын.

  • Үкімет 42500 теңгені енді бермейтіндей болды. Өйткені карантин кезінде тіпті табысынан айырылмағандар да оны бір емес, екі рет алып алды.
  • Билік 2019 жылғыдай көпбалалылардың кредитін де енді кешірмес. Ол кезде 33 млрд теңге қарыз кешірілді. Осымен-ақ мемлекет қаншама Айфон мен тойдың ақшасын кешіріп қойғанын Құдай біледі.
Осы орайда қайта сайланған мәжіліс депутаттары тек лудомандар мәселесін ғана көтермей, әлеуметтік масылдық стратегиясына қатысты сауалдарға да назар аударса дейміз. «Еңбек етпей, ақша табудың жеңіл жолына түсемін» деп адасудың алды жөн, арты соқпақ екенін әсіресе халықтың ең кедей топтарына қалай жеткізуді ұсынса. Билікке қоғамдағы деградацияны мойындатып, жалпы, қазіргі заманда әрбір азамат әл-ауқатын арттыру үшін ең алдымен өзінің әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарайтындай өзгерістер керек-ау біздің қоғамға.
ТЕГи: Қазақстан, Руханият, Экономика
Арман Ерғалиев 31.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?