Кешегі Жаңа адамдарды айтам да. Кезінде Назарбаев “нұр”, “рухани” деген киелі сөздерді қорлап еді. Мыналармен “жаңа” деген сөздің құны мен құдыреті қалмады.
Басынан аяғына дейін біреуі қазақша сөйлемейді, білмейді.
Өтірік митиң жасап, студенттерді басқа қалалардан автобуспен қойдай тиеп әкелген.
Қалтасына біраз тиын жинап, көтеріліп қалған пресс-секретарь басшы-қыздан басқа “қозғалыстың” пайдасын ешкім көрген де жоқ.
Әйелдердің шын жанайқайын айтып келген белсенділерді полиция митиң болатын жерге кіргізбей де қойды.
Митиң өткен жердің өзі қаланың шет жағындағы “кладбище памятников” – Ленин мен Сталиндердің мүсіндерін әкеп үйіп тастаған қуыс. Бұл “сөз бостандығы”, “саяси бостандық” ұғымына нұқсан келтіру, қорлау.
Кезінде Назарбаев “нұр”, “рухани” деген киелі сөздерді қорлап еді. Мыналармен “жаңа” деген сөздің құны мен құдыреті қалмады. Өздеріңді Ескі Адамдар деп атай берсеңдерші,
деп жазды журналист Әсем Жапишева.
Халықты алдау қылмыс. Халықты алдаған алысқа бармайды. Осыны біздің билік түсінбей қойды
Митиң өткізуді жоспарлаған күннен бастап Қазақстандықтар акцияның шынайы екеніне күмәнданған. Қалайша өте аз уақытта жаңа адамдар қозғалысы мемлекетпен келісіп, өткізу күнін жылдам белгіледі?
«Жаңа Адамдар» мини-тоқаевшылар, кіші-тоқаевтар ұрпағын қалыптастырып жатыр, деп жазды Qamshy.kz.
Алматы қаласында зорлық-зомбылыққа қарсы митиң өтті. Ұйымдастырушысы Тоқаевтің батасын алған «Жаңа адамдар». Бұл қозғалысты «Хайуандар әлемінде» немесе «ЖОҚ» деп айту құқығы бар адамдардың маршы деп атаған.