Categories: Денсаулық

Жаңа қауіп! Елімізде қызылша ауруы дендеп барады

Ауа арқылы жұғатын дерт балабақшаларда өршіп тұр. Осыған байланысты дәрігерлер дер кезінде вакцина алу қажеттігін айтуда. Тіпті екпе алмаған бүлдіршіндер балабақшаға жіберілмеуі де мүмкін, деп хабарлайды 31-арнаның жаңалықтар қызметі.

Елімізде күн өткен сайын қызылша дертін жұқтырып жатқандардың қарасы артуда. Екі ай бұрын шет ел асып келген 12 баладан ең алғаш аурудың белгілері анықталып тіркеліпті. Осыдан кейін бірте-бірте жан-жаққа тарала бастаған.

Енді қызылшаның ары қарай өршуін тоқтату үшін мамандар жаппай вакциналау қажеттігін айтады. Бірақ осы тұста көпшіліктің де пікірі екіге бөлінген. Бірі оны қажет деп тапса, енді бірі балаларына вакцина салдырмас үшін балабақшаларға жібермейміз деп отыр.

Екі айдың ішінде дендеген ауруды 181 адам жұқтырған. Ауа немесе тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы жұғатын індет негізінен балабақшаларда өршіп тұр. Сондықтан мамандар да мұндай жағдайға алаңдаулы. Қызылша ауруын жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмағандар.

18 жасқа дейінгі балалардың егу статустарын тексеру жүргізіліп жатыр. Осылардың ішінде 94 мыңға жуық балаға екпе егілмегені анықталып отыр. Қазір осы 94 мыңның 15 мыңнан астамы егумен қамтылған.

Қызылша аурын жұқтырғандар арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда 73 жағдай тіркелген. Одан кейін Түркістан және Жетісу облысы алдыңғы үштікте тұр. Жалпы балабақша тобындағы балалардың 90%-ы вакцинациялануы керек. Егер екпе алмағандардың саны 10%-дан көп болса, онда олардың келуіне тыйым салынуы мүмкін. Оны балабақша басшылығы шешеді дейді мамандар.

Қазіргі уақытта Алматыда вакцинация алмаған 14 мыңнан астам бала бар екен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago