Жаңа Қазақстан Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесіп жатыр – Bloomberg

Ресей санкцияны айналып өтіп, Еуропадан микрочиптер сатып алып жатқан болуы мүмкін. Еуропадағы жоғары лауазымды дипломаттарға сүйенген Bloomberg агенттігі осылай деп жазды.

Оның сөзінше, Ресейдің сауда-саттық жасауына санкцияға қосылмаған Түркия, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты үшінші елдер көмектесіп жатыр.

Bloomberg дереккөзінің айтуынша, Еуроодақ пен “Үлкен жетілік” елдерінің санкциясына қарамастан, Ресейдің импорт көлемі соғысқа дейінгі кезеңге жуықтап қалған. Ресейге Азия елдерінен, оның ішінде Қытайдан да импорт тауар көлемі артқан.

Женевада шоғырланған Сауда мәліметтеріне мониторинг жүргізу халықаралық агентттігінің дерегінше, мысалы, Қазақстан 2022 жылы Ресейге құны 3,7 миллион доллар болатын микрочиптер мен жартылай өткізгіштер сатқан. 2021 жылы бұл көрсеткіш небәрі 12 мың доллар болған.

Соғыстан бұрын Ресейге Еуроодақ, АҚШ, Ұлыбритания және Жапониядан жыл сайын құны шамамен 163 млн доллар болатын электрон бөлшектер тасымалданған. 2022 жылы бұл көрсеткіш 60 млн долларға дейін азайған. Есесіне Ресей Қазақстан, Түркия, Сербия және БАӘ-ден электрониканы жиі тасымалдай бастаған. Аталған елдердің өздері электроника өндірмейді. 2022 жылы бұл елдер Ресейге санкция салған елдерден осындай тауар түрін көптеп сатып ала бастаған.

Бұған дейін “Еркін Ресей” қоры ресейлік кеден мәліметтерін талдай отырып, 2022 жылы БАӘ-ден Ресейге электрон бөлшектер экспорты 7 есе ұлғайып, 238 млн долларға жетті деп мәлімдеген. Ал чиптер экспорты 15 есе артып, 24,3 млн доллар болған.

Өткен аптада АҚШ, Еуроодақ және Ұлыбритания БАӘ-ні Ресейге қайта тауар экспорттауды тоқтатуға, әсіресе Украинамен соғысты жалғастыруға пайдаланылатын электрониканы бермеуге үндеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago