Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Жаңа Мәжіліс, банкроттық пен айыппұл: Наурызда Қазақстанда не өзгереді?
Қоғам

Жаңа Мәжіліс, банкроттық пен айыппұл: Наурызда Қазақстанда не өзгереді?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 01.03.2023
Обновлено 01.03.2023 в 12:03
Поделиться
Фото: Halyq Uni
Поделиться

Наурызда қазақстандықтардың өмірін өзгертетін бірқатар өзгерістер заңдар күшіне енеді және заң шығарушы орган – Мәжілістің құрамы жаңарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мазмұны
Жаңа мәжіліс пен мәслихаттарБанкроттық туралы заң күшіне енедіБылапыт сөз айтқанға айыппұлШенген визасындағы өзгерістер12 күн демалыс

Жаңа мәжіліс пен мәслихаттар

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауы өтеді. Еске сала кетейік, 19 қаңтарда Президент Тоқаев жетінші шақырымдағы Мәжіліс пен мәслихаттарды таратып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы қаулы шығарған болатын. Сайлауға жеті партия қатысып жатыр. Партиялық тізім бойынша Мәжіліске 283 кандидат ұсынылған. Атап айтқанда, «Amanat» партиясынан – 90 кандидат, «Ақ жол» партиясынан – 54 кандидат, «Қазақстан Халық партиясынан» – 52 кандидат, «Ауыл» партиясынан – 25 кандидат, «Respublica» партиясынан – 25 кандидат, ЖСДП-дан – 19 кандидат және «Baytaq» жасылдар партиясынан – 18 кандидат.

Банкроттық туралы заң күшіне енеді

3 наурыздан бастап Қазақстанда банкронттыққа өтінім қабылдау басталады.  Банкроттық процедураны 1 млн 180 мың қазақстандық рәсімдей алады. Олардың қаржы ұйымдарының алдында 1,1 трлн теңге қарызы бар.

Екі ай бойы ел аумағында жаңа заңды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаржы министрлігі, банкроттықты рәсімдеу қарызды кешіру әрі рақымшылық еместігін ескертті. Еске сала кетейік, қарызын (несиесін) төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады:

Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады;

Екінші рәсім – сот банкроттығы. Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру;

Үшінші рәсім, бұл – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп-бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігі.

Банкрот деп танылған адам 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге, 7 жылдың ішінде өзін қайтадан банкрот деп танылу мүмкіндігінен айырылады. Олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.

Былапыт сөз айтқанға айыппұл

2023 жылдың наурызынан бастап Қазақстанда боқауыз сөз үшін айыппұл салына бастайды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа редакциясыа сәйкес, елде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі.

Бұған дейін қоғамдық орында айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөз атқан адамға 17 250 теңге көлемінде айыппұл салып немесе 10 тәулікке дейін қамауға жазасы көзделген болатын.

6 наурыздан бастап мұндай әрекет үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл салынады немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Айыппұл салу туралы құқықтық бағаны сот береді. Азаматтардан түскен әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлел жинайды. Оның ішінде азаматтың арызы, куәгерлердің айғағы, құқықбұзушылықтың аудио-видеосы, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы ескеріледі.

Ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартуға қоғамдық орындарда балағат сөз айту, айналасындағыларды сыйламау, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу міндетті шарт болып саналады. Ал әлеуметтік желілерде айтылған балағат сөз қоғамдық орындарда немесе айналасындағы азаматтардың тыныштығын бұзса, ол үшін жауапкершілік ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.

Шенген визасындағы өзгерістер

Бүгіннен бастап қазақстандықтан үшін шенген визасын алу өзгереді. Атап айтқанда Қазақстан бұдан былай шенген визасын беру кезінде қосымша консультациялар талап етілетін елдердің тізбесінде болады. 

Бұл қадам шенген келісіміндегі бір елмен сұралған. ЕО ережелеріне сәйкес, Еуропалық Одақ пен Шенген аймағының елдері виза алуға өтініш берген үшінші елдердің азаматтарына қатысты қосымша консультациялар бастауға құқылы.

Іс жүзінде Шенген келісімі елдерінің әрқайсысы шетелдік азаматтарға виза беру рәсімдеріне қатысты өз бетінше шешім қабылдайды және өтінімдерді қарау мерзімі 15-тен 45 күнге дейін белгіленген.

12 күн демалыс

Бұл айда екі бірдей ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы бар. Наурызда бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады.

Биылғы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні демалыс күні болатын сәрсенбіге сәйкес келеді.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі – 21, 22 және 23 наурызға келетін үш күн демалады. Мереке аптаның ортасына келеді, сондықтан жұмыс апталары қысқа болады.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 01.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?