Өткен аптада 5 министр жаңадан тағайындалған еді.
Олар:
Азамат Есқараев – әділет министрі;
Марат Қарабаев – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Зүлфия Сүлейменова – экология және геология министрі;
Ғани Бейсембаев – оқу-ағарту министрі;
Асхат Оралов – мәдениет және спорт министрі.
Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін,
делінген ант мәтінінде.
Өздеріне сеніп тапсырылған салада қандай өзгеріс, жетістік жасарын алда көре жатармыз. Әзірге ант берулеріне қарап басты бағалау критерийі болмаса да мемтілді бесеуі де жақсы білетінін байқадық. Істерін көре жатармыз.