Оқиға

Медбике жаңа туған нәрестелерді өлтіріп келген

Британ соты жаңа туған бірнеше нәрестені өлтірді деп айыпталған медбикені елдегі ең қатаң сот жазасына кесті.

Euronews хабарлауынша, 33 жастағы Люси Летби Англияның солтүстік-батысындағы аурухананың неонатальды бөлімшесінде медбике болып жұмыс істеген бір жыл ішінде жеті сәбиді, оның ішінде екі үшемді өлтіргені және тағы алты баланың өміріне қастандық жасамақ болғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Осы сот процесінде сіз өзіңіз істеген қылмыстарыңыз үшін жауапкершіліктен бас тартып, кінәні басқаларға жүктеуге тырыстыңыз. Сіз еш өкінген жоқсыз. Сот шешімін жеңілдететін жағдайлар болған жоқ. Бірнеше адамды өлтіру және өлтіруге оқталу қылмыстары ерекше ауыр және әділ жазаны талап етеді, яғни заң бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделеді,

деп атап өтті судья Джеймс Госс.

Өлтірілген және мүгедек болып қалған балалардың ата-анасымен кездеспес үшін Летби сот отырысына қатыспауға шешім қабылдады. Британ заңының рұқсатымен оның сотқа келмеуі жұртшылықтың ашуын туғызды. Көптеген саясаткер мен құқық қорғаушылар қылмыскерлерді жәбірленушілер мен олардың отбасыларымен кездесу үшін сотқа келуге мәжбүрлеу үшін заңға өзгерістер енгізуді талап етті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago