Галерея

Қонаев пен Хо Ши Миннің Алматыда түскен архивтік суреті пайда болды

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дінмұхамед Қонаев пен Қаныш Сәтбаевтың Вьетнам ұлттық көшбасшысы Хо Ши Минмен Алматыдағы кездесуі кезінде түскен архивтік фотосуреттерді жариялады.

Суретте Хо Ши Миннің келуі, Қонаев пен бірге аймақты аралаған сәттері бейнеленген. 

«1959. Алматы. Вьетнам президенті Хо Ши Миннің Қазақстанға сапары. Дінмұхамед Қонаевпен және Қаныш Сәтбаевпен кездесуден естелік суреттер», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Хо Ши Мин (шын аты — Нгуен Тат Тхань; бірнеше партиялық лақап аттары болған: Нгуен Ай Куок, Выоң жолдас, Тхау Тин) (19 мамыр 1890 — 3 қыркүйек 1969) — Вьетнам ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, 1945-1955 жылдары Солтүстік Вьетнам премьер-министрі және 1945 жылдан қайтыс болғанына дейінгі президенті. Идеологиясы Марксизм-ленинизм болған Хо Ши Мин қазіргі күннің өзінде билікте тұрған Вьетнам Коммунистік партиясының басшысы да болды.

Еске салсақ, 20 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барғанын хабарлаған болатынбыз. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

20 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

21 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

21 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

21 час ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

23 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago