Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Денсаулық > Сәбидегі көк белгі – Моңғол таңбасы деген не?
Денсаулық

Сәбидегі көк белгі – Моңғол таңбасы деген не?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 05.01.2023
Обновлено 05.01.2023 в 02:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Бұл таңбаны моңғолдар «Тэнгрийн тамга» (Тәңір таңба) деп атайды екен. Жапон антропологтары мен генетиктері Токиода ерекше тәсілді қолдана отырып, бұл таңбаны зерттеп, өз қорытындыларын жасады. Ғалымдар ол таңбаның балаларда көбіне 5 жасқа дейін болатынын айтады. Кейде 7-13 жасына дейін де сақталып жатады. Тіпті, кейбір адамдарда өмір бойы сақталып қалады екен. Бірақ, ондай өте сирек кездеседі.

Бұл таңба жайлы ғылым не дейді, дәрігерлер не дейді? Оның қаупі бар ма?

Бұл жұмбақ құбылыстың жауабын білу үшін ғалымдар көп жылдан бері талай зерттеу жүргізіп келеді. Жапонияда 2016 жылы антропологтар осы тақырыпқа арнайы ғылыми конференция да өткізген. Алайда бұл құбылысқа қатысты сипаттауға тән ғылыми жұмыстар ғана жүріп, қай халықтарда көп кездесетіні ғана айтылған.

Бір қызығы, ғалымдар «Тәңір таңбасы» еуропалықтарда мүлде кездеспейді дейді. Тек Болгарияда ғана сәбилердің 0,6 пайызында кездескен жағдайлар болған.

Бұл таңба қытай, жапон, вьетнам, корей, бурят, якут, қырғыз, қазақ, жапондардың айндары, кәріс, қалмақ, тува, хакас ұлттарында және Солтүстік Американың үндістерінде ғана бар екен.

Алайда, дәрігерлер мұны ауытқу (патология) деп атағанымен, ешқандай да дискомфорт немесе ауырсыну туғызбайды дейді. Яғни ауру түріне жатпайды. Кейін екінші жылы баланың денесінен бұл ауытқу кетеді екен. Ары кетсе 10 жасқа дейін ғана сақталады да, ал ересек жасқа дейін сирек сақталып қалады-мыс.

Ғылым тілінде невус деп те айтылатын бұл белгі сәби бойында ана жатырында жатқанында шығады екен. Адамның терісі екі қабаттан тұрады — ішкі және сыртқы. Эпидермис деп аталатын бірінші қабатында пигментация тудыратын меланоцит жасушалары синтезделеді екен. Баланың ана жатырында даму кезеңінде жасушалар ішкі теріден сыртқысына ауысады. Кейде бұл процес өз уақытында аяқталмай, меланоциттер ішкі теріде, яғни дермада қалып қояды. Осы пигмент тері бетіне қою көк түс береді. Бұл Моңғол таңбасы неден пайда болды деген сұраққа берілетін негізгі теория. Алайда нақты себебі әлі де зерттелмеген.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының сәби неонатологиясы және хирургиясы бөлімшесінің жетекшісі Диляра Качуринаның айтуынша, бұл пигмент таңбаларды скальпель, лазер, сұйық азот немесе басқа да заманауи косметология құралымен алып тастауға тыйым салынған. Гиперпигментация ошақтарының түсін кетіру үшін ағартатын химиялық заттарды да қолдануға кеңес етілмейді екен. 

Бірақ дәрігер міндетті түрде дәрігерге көріну керек дейді. Себебі оны басқа дертпен шатастыруыңыз да мүмкін екен.

Туа бітті невус тері меланомасына ұласады, алайда моңғол таңбасын гиперпигментацияның қатерлі аурулардың дамуына әкеп соғатын өзге түрлерінен ажырату маңызды. Дерматолог дифференциал диагностика өткізу мақсатында дерматоскоппия, сиаскопия немесе биопсия сараптамаларын тағайындайды,

дейді ол.

Неміс теоретигі Барон Эгон фон Эйкштедт бұл белгілер жайлы былай деп сипаттама жазған екен: «Моңғол таңбасы қасиетті деп саналған. Ол құйымшақ маңайындағы пигменттердің жиынтығы. Оның тығыздығы мен формасы әр алуан болуы мүмкін. (…) Түсі ашық сұр, қою көк болып келеді. Ол сөзсіз тұқым қуалайды».

Эквадорда және Бразилияда бұл белгіні жағымсыз жағдай деп есептейтін көрінеді. Анасының тегі еуропалық, ал өзі бразилиядан болса, мұндай кезде «жамбастағы медаль» деп атайды-мыс. Ал ересек адамда кездейсоқ көрініп қалса, «жасыл жамбасты» дейді екен. Ал эскимостарда және полинезиялықтарда бұл таңба таза табиғаттың белгісі делінеді.

Белгілісі, бұл белгі Жапонияда туған балалардың 99,5 пайызында бір жасқа дейін сақталады екен, бес жасқа дейін 62 пайызында ғана, ал он жасқа дейін 6 пайызында ғана сақталады делінеді.

ТЕГи: Руханият
Сая Манарбековна 05.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Спорт

«Елдос бұлқан-талқан болды»: Сметовтың бапкері Олимпиада алдындағы іріктеу жайлы айтты

02.08.2024
Қоғам

Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені

19.06.2024
РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?