Астанада ереуілге шыққан мұнайшылар халықтың мүддесі үшін емес, ақша үшін таласып жатқан жеке меншік мұнай компаниялары. Бұл туралы блогер Алма Төлебаева өзінің Facebook парақшасында жазады.
Сөзбе сөз:
Жаңаөзен 2011…
«2011 жылдың көктемі мен күзіндегі БӨ-шілердің бейбіт ереуілі және бүгінгі хайп – бұл шын мәнінде екі түрлі оқиға мен әрекет.
Ол кезде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» қызметкерлері басқаруды орталықсыздандыруды және БӨ-ді жабуды, сонымен қатар «Өзенмұнайгазды» жандандырып, жеке компанияларды құруды талап еткен еді.
Олардың талаптарының барлығы орындалды.
Кейінірек, БӨ-дің қарапайым және артықшылық берілген акцияларын қайта сатып алу үшін өзенмұнайгазшылар, ембімұнайгазшылар және БӨ-дің басқа да акцияларының иелері нарықтық бағадан үш есе көп ақша алды.
…және Жаңаөзен 2023
Ал бүгін «Бералы Маңғыстау» және «Кезби» екі жекеменшік компания «Өзенмұнайгаз» қызметтеріне арналған конкурстың майлы жілігі үшін жаға жыртысуда.
Ал оның бір моноқалада екеуіне бірдей бұйырмайтынын олар жақсы білген болар.
Сондықтан да адамдарды шатырлармен жабдықтап, Астанаға жіберді.
Түбегейлі қадамдар
Бұл жағдайда мемлекеттік сатып алулардың күшін жою керек.
Ал бөлінген ақшаға барлық адамдарды «Бералы» және «Кезби» сияқты жекеменшіктерге емес, мемлекет пен қоғамдық байлықты нығайту үшін «Өзенмұнайгазға» жұмысқа қабылдау керек.
Ал «Бералы» мен «Кезби» ойсырап қалсын!
Бұдан былай мемлекеттің мүлкіне қол сұқпау керектігін білетін болады.
Олар тәртіпсіздік ұйымдастырып, оны демократия ретінде көрсеткендері үшін жауап берулері керек.
Бұл менің жеке пікірім. Жай ғана деспоттың.
Сонымен қатар, көптеген маңғыстаулықтар кен орындарына іргелес жатқан жерлерін сатқаны үшін, әсіресе «Мубадала» компаниясынан орасан зор ақша алғанын естен шығармаған жөн. Жалпы алғанда миллиондаған доллар.
Осылайша, маңғыстаулықтар мемлекеттің жерлері мен табиғи ресурстарын сатуда біршама бенефициар болған жоқпыз деп айта алмайды. Өтірік мүләйімсімесін».