Бүгін таңғы сағат 5.00 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласында жарылыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Қаладағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылды. Салдарынан 150 шаршы метр үйдің кіреберісі қираған.
Оқиға орнында өрт болған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.).
Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қаза тапқандар болған жоқ.
Үйіндіні ашуға Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылды.