Газа секторындағы халық тығыз қоныстанған босқындар лагерлерінің бірі Жабалиде өрт шығып, кем дегенде 21 адам, оның ішінде 10 бала қаза тапты.
Бейсенбі күні кешке аумақтың солтүстігіндегі Жабали босқындар лагерінде үш қабатты үй өртенді. Өртенген ғимараттан адамдар құтқарылды. Қайғылы оқиға орнында өрт сөндірушілерге жергілікті тұрғындар көмектесті.
Жергілікті қауіпсіздік қызметкерінің BBC-ге айтуынша, бастапқы тергеу асүйден газ ағып жатқанын болжаған.
Жергілікті билік тұрғын үйде жанармайдың көп қоры сақталғанын жоққа шығармайды. Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас оқиғаны ұлттық трагедия деп атап, жұма күнін қаза болғандарды аза тұту күні деп жариялады.
Газада 2,3 миллион адам тұрады, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Газадағы 600 мыңға жуық босқын Жабали секілді сегіз лагерьде тұрып жатыр.