Оқиға

«Жалған ақпарат»: 15 баланың зорлануына қатысты полиция түсініктеме берді

Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы өңірде 15 бала жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады деген ақпаратқа түсініктеме берді. 

Бұрын белгілі адвокат Айман Омарова Түркістан облысында балабақша қызметкері 15 адамды зорлады, жәбірленушілер саны одан да көп болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жетті дегенге қатысты түсіндірме бергім келеді. 19 қазандағы жағдай бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне осы уақытқа дейін үш жәбірленуші өтініш білдірді. 15 факт немесе 15 мәлімдеме, 15 жәбірленуші жоқ! Басқа жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу шараларын жалғастырып жатырмыз,

деді Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Мұрат Қабденов жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.

Сізден тек ресми дереккөздерге сенуіңізді және сенім артуыңызды сұраймын,

деп түйіндеді ПД басшысы.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында ер адам кәмелетке толмаған жеті қызды зорлады деген ақпарат тарады. Кейін адвокат ол енді 15 баланы зорлағаны үшін айыпталғанын айтты. Алайда полиция бәрін жоққа шығарып, олардың саны үшеу екенін мәлімдеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago