Ана жерде бәленше жалған диплом ұсталыпты деп емес, жалпы республика бойынша жаңа оқу жылына жалған диплом иелерін жібермеуге, яғни ұстап, мемлекетке келтірілген шығын сомасын қайтартуға не кедергі?
Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың пікірі:
Қазір үлкен тексерулер жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша ғана шешім қабылданады. Бірінші анықтау керек. Жалған диплом бар ма, жоқ па? Бар болса, қалай болды? Бұл құзырлы органдардың шешетін дүниесі ғой. Әр жерде әртүрлі ақпарат бар. Бәрінің басы қосылып, бір нәтиже шығуы керек.