Елімізде 15 мыңға жуық балабақша тәрбиешісі жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгінде 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді. Жасыратыны жоқ, бірінші себеп – жалақының аздығы. Сондықтан жас мамандар бұл салаға қызықпайды. Екіншіден, тәрбиешілер мектепке дейінгі даярлық тобында біраз тәжірибе жинап, мектепке ауысып кетеді. Онда айлық жоғары»,
деді Манара Адамова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айутынша, бүгінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысында айырмашылық айтарлықтай.
Балабақшада ең төменгі екінші санаты бар әрі 5 жылдық тәжірибесі бар педагогтардың орташа айлығы – 164-172 мың теңге, ал тәжірибесі жоқ тәрбиешілер 94-120 мың теңге аралығында жалақы алады,
деді директор.
Айта кетейік, бұған дейін өзге ұлт өкілдері балаларының қазақша білгенін қалайтыны хабарланған еді.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…